292 | Қазақ
– Қыспа иінтіректі (8) қайта тартыңыз.
Толық тік еңіс бұрышының аймағын реттеу (J2
суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
– (45) тірегін толығымен алға тартыңыз.
Осылайша еңіс бұрышының аймағы толығымен (сол
және оң жақ) пайдаланылуы мүмкін.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) толығымен
сыртқа тартыңыз немесе толықтай алып тастаңыз.
Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы
болсаңыз, сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2)
да толығымен сыртқа тарту немесе толықтай алып
тастау қажет болады.
– Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (13) ұстап, (44) немесе
(5) бұрыш индикаторы қалаулы тік еңіс бұрышын
көрсеткенше, солға немесе оңға қайырыңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тік стандартты еңіс бұрышын реттеу (J3 суретін
қараңыз)
– Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
– 0° стандартты еңіс бұрышы:
Манипуляторды тұтқасынан (13) аздап солға қарай
қайырып, тіректі (45) толығымен артқа жылжытыңыз.
47°, 45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрышы:
Тіректі қалаулы тік стандартты еңіс бұрышы көрсеткі
белгісіне тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) қайта тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу (K суретін қараңыз)
– Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
тетігін (14) ортаға жылжытып, содан кейін
ажыратқышты (33) басып тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (33)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (33) жіберіңіз.
Іске қосу тогын шектеу (кейбір экспорттық
нұсқаларда қолжетімді емес)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және
16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: электры құрал қосылғаннан кейін бірден толық
айналу жиілігімен айналса, іске қосу тогын шектеу қажет
емес. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу
керек.
1 609 92A 6SN | (12.07.2021)
Аралау
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіткіш тетікті (23) және қысқыш иінтіректі (8)
u
аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз.
Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Айналу жиілігін реттеу (кейбір экспорттық
нұсқаларда қолжетімді емес)
Айналу жиілігі реттегішінің (9) көмегімен электр
құралының айналу жиілігін жұмыс істеу кезінде де бірелкі
реттеуге болады.
Нұсқау: әрдайым өңделетін заттек үшін жарамды айналу
жиілігін реттеңіз (төмендегі кестені қараңыз). Бұл аралау
кезінде ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Айналу жиілігінің деңгейі
1
2
3
4
5
6
Оператордың күйін (L суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабының (37) көмегімен (ені үлкен
дайындамалар) кесу үшін реттегіш бұранда (6) тарту
аспабын қысып тұрса, оны босатыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
Материал
Алюминий
Пластик
Ағаш
Bosch Power Tools