Пайдалануға Ендіру - Bosch GSB 162-2 RE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GSB 162-2 RE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Қосалқы тұтқаның (10) төменгі бөлігін ➊ бұрау
бағытында бұрап, қосалқы тұтқаны (10) қажетті күйге
қайыруға болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін
қосалқы тұтқаны (10) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋
бағытында қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу
Тереңдік шектегішімен (7) қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпралы бұранданы (9)
босатып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (10)
енгізіңіз.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы (9)
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Құралды алмастыру
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
u
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Автоматты түрде құлыптанатын тісті тоғыны бар
бұрғылау патроны (D суретін қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) құралды енгізу
мүмкін болғанша бұрау арқылы ашыңыз.
Құралды енгізіңіз. Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті
тоғыны бар бұрғылау патронының (1) тиісті
саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Қолмен құлыпталатын тісті тоғыны бар бұрғылау
патроны (E суретін қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (16) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін (15) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (16) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі бекітіңіз.
Алты қырлы бұрғы патроны кілтімен (15) эксцентрікті ➋
бұрау бағытында тірелгенше бұраңыз. Осылай тарту
қуаты қамтамасыз етіледі.
Алмалы-салмалы аспапты алу үшін эксцентрікті ➊ бұрау
бағытында бұрап тісті тәждік бұрғы патронын (16) бұрғы
патроны кілтімен (15) ашыңыз.
Бұрауыш құралдар
Қондырма биталарды (13) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (14) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Bosch Power Tools
Бұрғылау патронын бөлшектеу (F суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын (1) бөлшектеу үшін айыр
тәрізді кілтті (17) (кілт ені 17 мм) жетек шпинделінің кілт
жазықтығына орнатыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз. Бұрғылау патронын (12) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронындағы (1) үш ойықтың біріне енгізіп,
осы иінтіректің көмегімен бұрғылау патронын (1)
босатып, оны айналдыру бағыты бойынша бұраңыз ➊.
Бұрғылау патронына арналған кілтті (12) жеңіл ұру
арқылы тісті тоғыны бар бұрғылау патронын босатуға
болады. Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті тоғыны
бар бұрғылау патронынан шығарып, тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (G суретін қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату кері реттілік
бойынша орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 80-85 Нм тарту
моментімен бұрап тарту қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (H–I суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (5) басқанда бұл мүмкін емес.
Қазақ | 119
1 609 92A 57X | (21.04.2020)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gsb 162-2 re

Tabla de contenido