Bosch GDB 350 WE Professional Manual Original página 175

Ocultar thumbs Ver también para GDB 350 WE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
Тасымалдау тұтқасын электр құралын
монтаждау
Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын тасымалдау
тұтқасын (9) бұрандалардың (10) көмегімен электр
құралына бұрап бекітіңіз.
Электр құралын орнату
(A−B суреттерін қараңыз)
Бекіткіш тежегіш (16) тартылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы қысқышының (27) оң жағында ойық бар. Білдек
адаптерін (25) электр құралына орнатқан кезде, дөңес
жер білдек адаптерінде B суретінде көрсетілгендей оң
жағында тұрғанын тексеріңіз.
Білдек адаптерін (25) білдек адаптерінің призмалық
буаттары (24) электр құралының сәйкес ойықтарына
тірелетіндей етіп электр құралына орнатыңыз. Білдек
адаптерінің төрт бұрандасын (23) орнатып, алты қырлы
дөңбек кілтпен (кілт ені 6 мм) бұрап бекітіңіз.
Эксцентрик болтын (14) айналатын крестпен (15)
босатып, оны құрылғы қысқышынан (27) тірелгенше
тартып шығарыңыз. Электр құралын білдек адаптерімен
(25) құрылғы қысқышына білдек адаптерінің астыңғы
дөңес жері құрылғы қысқышының астыңғы болтының ➊
астында орналасатындай іліңіз.
Электр құралын құрылғы қысқышына ➋ орнатып,
эксцентрик болтын (14) қайта енгізіңіз. Эксцентрик
болтын айналатын крестпен (15) тартып қойыңыз.
Айналатын крестті (15) бұрғылау әрекеті үшін оңға
немесе солға қарай тегершікке (26) жылжытыңыз.
Электр құралының құрылғы қысқышында берік
u
бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде
әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз.
300–350 мм саңылау диаметріне арналған аралық
тақта (C суретін қараңыз)
300 мм мен ең көбі 350 мм аралығындағы диаметрге ие
саңылаулар үшін қосымша аралық тақтаны (29) (керек-
жарақ) орнату керек.
Ол үшін білдек адаптерін (25) аралық тақтаға (29) білдек
адаптерінің призмалық буаттары (24) аралық тақтаның
тиісті ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз.
Содан кейін аралық тақтаны (29), соның ішінде білдек
адаптерін (25) электр құралына аралық тақтаның
призмалық буаттары (31) электр құралының тиісті
ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз. Аралық тақтаның
төрт бұрандасын (30) орнатып, алты қырлы дөңбек
кілтпен (кілт ені 6 мм) бұрап бекітіңіз.
Содан кейін электр құралын жоғарыда сипатталғандай
бұрғылау станинасына бекітіңіз.
Бұрғылау станинасын бекіту
Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз.
Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және
сегменттерінің тозуына жол бермейсіз.
Bosch Power Tools
Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты
бұрғылау станинасын дюбельмен, вакууммен немесе
жылдам қысқыш колонкасымен жоспарланған саңылауға
бекітіңіз.
Бұрғылау станинасын бекітуден бұрын орналастыру
Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз.
Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы
өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз.
Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған)
дюбельмен, вакууммен немесе жылдам қысқыш
колонкасымен орнатылған бұрғылау коронкасы
белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп бекітіңіз.
Дюбельмен бекіту (D суретін қараңыз)
Бұрғылау станинасын дюбельдермен (керек-жарақ)
кірпіш қалауда немесе бетонда бекіту үшін бөлек бекіткіш
саңылауды бұрғылаңыз.
Дюбель саңылауы – жоспарланған саңылау
ортасының аралығы
оңтайлы
ықтимал
Дюбель саңылауы үшін төмендегі өлшемдер
қолданылады:
Диаметрі
Кірпіш қалау
20 мм
Бетон
16 мм
Бір бетондық дюбельді кергі сынамен немесе кірпіш
қалау дюбелімен (32) орнатыңыз. Жылдам қысқыш
шпиндельді (33) дюбельге бұрап енгізіңіз.
Бұрғылау станинасы мен астына қоятын шайбаны
орнатып, қатпарлы гайкамен (34) бұрап бекітіңіз.
Қатпарлы гайканы нивелирлегеннен кейін айыр тәрізді
кілтпен (кілт ені 27 мм) тартып қойыңыз.
Вакууммен (керек-жарақ) бекіту
Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты
вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек-
жарақ) қажет болады.
Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек:
Көлемдік ағын:
Вакуум кемінде:
Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс
болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін
емес.
Вакуумдық қосылым пайда болғанда нивелирлеу
бұрандаларын (18) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау
станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы
керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш
сақинада қатты босап тұрады.
Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын
жалғау үшін олардың пайдалану бойынша
нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз.
Қазақ | 175
285 мм
275–375 мм
Тереңдігі
85 мм
50 мм
3
6 м
/сағ
80 % (−800 мбар)
1 609 92A 4NK | (21.01.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gcr 350 professionalProfessional gdb 350 weProfessional gcr 350Gdb 350 we + gcr 350 professional

Tabla de contenido