Қолданысқа Енгізу; Жұмыс Бойынша Нұсқаулар - Bosch GDB 350 WE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GDB 350 WE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
Қалпақшалы гайканы (17) айналатын крестпен (15)
босатыңыз.
Бұрғылау станинасын бұрғылау бұрышының шкаласы
(13) бойынша қажетті бұрғылау бұрышына орнатыңыз.
Дәл реттеу үшін қалпақшалы гайканың (17) жанындағы
көрсеткіні ескеріңіз.
Қалпақшалы гайканы (17) айналатын кресттің (15)
көмегімен қолмен тартыңыз.
Бұрғылау станинасын тек бұрыш реттегішінің
u
қалпақшалы гайкасы (17) қайта тартылған болса
ғана орнатуға болады.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
u
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
u
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD) (1) ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін
тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
– RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
u
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) (1)
RESET түймесін басыңыз.
Су жапқыш шүмекті (5) өткелге орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) 1 күйіне
қайырыңыз.
Өшіру
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) 0 күйіне
қайырыңыз.
Су жапқыш шүмекті (5) бұрап бекітіңіз. Жұмыс соңында
шүмекке жалғағыш бөлшекті (4) су жеткізу құбырынан
Bosch Power Tools
ажыратыңыз. Су жапқыш шүмекті (5) ашып, қалған суды
ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD) (1) RESET түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (2) өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышымен (3) үш айналу жиілігін
алдын ала таңдауға болады.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 165–350 мм
– 2-беріліс: 80–160 мм
– 3-беріліс: 55–105 мм
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (16) айналатын крест
(15) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте
электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол
бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға
бұралғанша төменірек айналу жиілігімен бұрғылаңыз.
Содан кейін қажет болса, 2-ші немесе 3-ші беріліске
ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын
дайындамаға туралаңыз. Бірқалыпты қысыммен
бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын
саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын алмас
сегменттерінен кетіру мүмкін болады.
Электр құралының айналатын крестін (15) қажетті
бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін
бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз.
Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді
ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау
керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға
қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз.
Артық жүктеме ажыратқышы
Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау
шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу
және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын
бірден өшіріңіз.
Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға
және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын
саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз.
Қазақ | 177
1 609 92A 4NK | (21.01.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gcr 350 professionalProfessional gdb 350 weProfessional gcr 350Gdb 350 we + gcr 350 professional

Tabla de contenido