1.2 Басқа да маңызды ескертпелер
Ақ графикалық таңбасы бар көк немесе
сұр шеңбер қауіп-қатерді болдырмау
үшін шара қолдану керек дегенді
білдіреді.
Қиғаш сызығы, мүмкін қара графикалық
таңбасы бар қызыл немесе сұр шеңбер
шара қолданбау немесе тоқтату керек
дегенді білдіреді.
Егер осы нұсқаулар қадағаланбаса, бұл
жабдықтың дұрыс емес жұмыс істеуіне
не бұзылуына əкелуі мүмкін.
Оңай жұмыс істеуді жəне қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз ететін
ескертпелер мен нұсқаулар.
2. Өнімді қабылдау
2.1 Өнімді тасымалдау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Дене жарақаты
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Тасымалдау кезінде ең көбі екі
тұғырықты бірге жатқызып қойыңыз.
3. Өнімді орнату
Орнату жұмысын арнайы маманданған
адамдар жергілікті ережелерге сəйкес
жүргізуі қажет.
Егер су бөлгіш əлi енгізілмеген болса, (бөлгiштiң
эмиссиясы) барлық кірістерде орнатылуы керек.
Conlift сорғысы сыртта қолдануға арналмаған.
3.1 Механикалық орнату
Сонымен бірге, Conlift сорғысымен бірге берілген
қысқаша нұсқаулықты да қараңыз.
Conlift сорғысын орнату кезінде келесілерді
сақтаңыз:
•
Конденсат сорғы станциясының ішіне еркiн
ағуы керек.
•
Қозғалтқыштың қақпағындағы суыту тесіктерін
жабуға болмайды.
•
Сорғы станциялары техникалық қызмет
көрсетуді жеңілдету үшiн оңай жерде болуы
керек.
•
Сорғы станциясы жарық жақсы түсетін жəне
желдетілген бөлмеде орнатылуы қажет.
•
Сорғы станциясы судың шашырап кетуінен
қорғалған (IP24 стандартына сəйкес).
222
3.1.1 Апаттық PCB
Қосалқы апаттық PCB бактағы судың деңгейі
апаттық деңгейге жеткен кезде қосымша
қызметтерді атқаруына мүмкіндік беретін баспа
монтажы бар тақтаны (PCB) ендіреді.
PCB тақтасындағы контакттар екі позицияда
орналаса алады:
1-ші позиция: Сорғы іске қосылады жəне
дыбыстық сигнал шығарылады.
A: Сигнал кабелі конденсат көзіне немесе сыртқы
сигналға қосылмаған. Конденсат көзі қосылмаған.
B: Сигнал кабелі конденсат көзіне немесе сыртқы
сигналға қосылған. Конденсат көзі қосылған.
3.2.1 Конденсат негізі немесе дабыл сигналы
үшiн
кабель-бөлімді қараңыз.
2-ші позиция: Сорғы іске қосылмайды жəне
дыбыстық сигнал шығарылады.
A: Сигнал кабелі конденсат көзіне немесе сыртқы
сигналға қосылмаған. Конденсат көзі қосылмаған.
B: Сигнал кабелі конденсат көзіне немесе сыртқы
сигналға қосылған. Конденсат көзі қосылған.
3.2.1 Конденсат негізі немесе дабыл сигналы
үшiн
кабель-бөлімді қараңыз.
3.2 Электр қосылымы
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Электр розеткасының қорғаныштық
жерге тұйықтауын өнімнің
қорғаныштық жерге тұйықтауына қосу
қажет. Штепсельдік ашаның
қорғаныштық жерге тұйықтау
қосылым жүйесі электрлік
розетканікімен бірдей болуы қажет.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Орнату 30 мА-дан кем ажырату тоғы
бар қорғаныстық ажырату
құрылғысымен (ҚАЖ) жабдықталуы
керек.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Өнім барлық полюсінде кемінде 3
мм-лік (0,12 дюйм) түйіспелі
саңылауы бар сыртқы негізгі
қосқышқа жалғануы керек.
Электр жабдығын қосу арнайы маман
арқылы орындалуы қажет.
Қуат көзі вольтажы мен жиілігінің фирмалық
тақтайшада көрсетілген мəндерге сəйкес келуін
тексеріңіз.
Тоқ көзі кабелiнде Schuko розеткасы немесе
кабелідың еркiн ұзындығы бар. Кабелідың
ұзындығы 2 метр.