Descargar Imprimir esta página

Bosch GML 20 Professional Manual Original página 145

Ocultar thumbs Ver también para GML 20 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
OBJ_BUCH-1181-003.book Page 145 Friday, February 20, 2015 10:58 AM
Құрылыс алаңы радиоқабылдағышын
жаңбыр мен ылғалдан қорғаңыз. Құрылыс
алаңы радиоқабылдағышының ішіне су кірсе,
ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
 Құрылыс алаңы радиоқабылдағышын таза
ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қаупін
туындатады.
 Әр пайдаланудан алдын құрылыс алаңы
радиоқабылдағышын, кабельді және айырды
тексеріңіз. Ақауланған құрылыс алаңы
радиоқабылдағышын пайдаланбаңыз. Құрылыс
алаңы радиоқабылдағышын өзіңіз ашпаңыз, оны
тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған құрылыс алаңы
радиоқабылдағышы, кабель және айыр тоқ соғу қауіпін
арттырады.
 Бұл құрылыс алаңы радиоқабылдағышы
балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген
немесе тәжірібесі мен білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған. Осы құрылыс алаңы
радиоқабылдағышын 8 жастан асқан балалардың
және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген, не
тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқауынсыз және
жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса
қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қауіпі пайда болады.
 Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде
балаларға мұқият болыңыз. Балалардың құрылыс
алаңы радиоқабылдағышын ойнамауына көз жеткізіңіз.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Қолданылмайтын аккумуляторды қағаз
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
инелерден, бұрандалардан немесе контакттарға
бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс
жерде сақтаңыз. Аккумулятор контакттар арасындағы
қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп қалу немесе
өрт пайда болуы мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде,
тиген жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе,
медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы
сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
жарайды және оны басқа аккумуляторларды зарядтау
үшін пайдаланса, өрт себебі болуы мүмкін.
Bosch Power Tools
 Осы аккумуляторды тек құрылыс алаңы
радиоқабылдағышында және/немесе Bosch электр
құралында пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
 Құрылыс алаңы радиоқабылдағышына қосатын
құрылғылардың пайдалану нұсқаулығында
жазылған қауіпсіздік және пайдалану нұсқауларын
мұқият орындаңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Құрылыс алаңы радиоқабылдағышының суреті бар бетті
пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде ашық ұстаңыз.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
құрылыс алаңы радиоқабылдағышының сипаттамасына
қатысты.
1 Динамик
2 Тұтқа
3 Айнымалы тоқ қосылуының бақылау шамы
(3 601 D29 760 нөмірлерінде емес)
4 Айнымалы тоқ қосылуының қаптау қақпағы
(3 601 D29 760 нөмірлерінде емес)
5 Айнымалы тоқ қосылуының розеткасы
(3 601 D29 760 нөмірлерінде емес)
6 Батарея бөлімі қақпағының құлпы
(буферлік батареялар)
7 Батарея бөлімшесінің қақпағы (буферлік батареялар)
8 Дискілер бөлімшесінің қақпағының бұғаттау тұтқышы
9 Дискілер бөлімшесінің қақпағы
10 Қадалық антенна
11 Аккумулятор бөлімі
12 Аккумулятор бөлімшесі қақпағының бұғаттау
тұтқышы
13 Аккумулятор бөлімшесі қақпағы
14 Аккумулятор*
15 „Equalizer" дыбысты алдын ала реттеу параметрінің
таңдау пернесі
16 „Memory" жад пернесі
17 Қолмен дыбыс реттеу „Custom" пернесі
18 Уақытты реттеу „Clock" пернесі
19 „Tune" радиостансаны реттеу бұрама түймешесі
20 Кездейсоқ ойнату/ойнатуды қайталау пернесі
Қaзақша | 145
1 609 92A 119 | (20.2.15)

Publicidad

loading