Epson SC-R5000 Serie Instrucciones De Seguridad página 173

Ocultar thumbs Ver también para SC-R5000 Serie:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
Өнімді көтерген кезде, нұсқаулықта көрсетілген жерлерінен көтеріңіз.
Егер басқа бөліктерін ұстап көтерсеңіз, принтер құлап, саусақтарыңызды қысып қалуы және
жарақаттануға әкелуі мүмкін. Өнімді көтеру туралы мәліметтерді келесі бөлімнен қараңыз.
U Орнату нұсқаулығы (кітапшасын)
Өнімді көтерген кезде денеңізді дұрыс күйде ұстаңыз.
Денеңізді дұрыс күйде ұстамай көтерсеңіз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Өнімді құрастырудан бұрын, орауыш парақтарды, орауыш материалдарды және
берілген элементтерді орнату аумағынан алып тастаңыз.
Осы заттарға сүрініп немесе тайып кетсеңіз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Өнімді дөңгелекшелері (шығыршықтары) бар тірекке қойғанда, жылжып кетуді
болдырмау үшін, жұмыс істеуден бұрын дөңгелекшелерді бекітіңіз.
Жұмыс істеп жатқанда тірек жылжып кетсе, жарақат алуыңыз мүмкін.
Дөңгелекшелер (шығыршықтар) және реттегіштер бекітулі күйде тұрғанда тіректі
жылжытуға әрекет жасамаңыз.
Осы сақтық шаралары орындалмаса, принтер құлап, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Тіректе тұрған принтерді басқыштар бар немесе едені тегіс емес жерлерде
жылжытпаңыз.
Осы сақтық шаралары орындалмаса, принтер құлап, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Тақталардың аударылып кетуін болдырмауға арналған, сия блогымен бірге
берілетін орнату процедурасын тексеріп, 2 тақтаның екеуін де міндетті түрде
тіркеңіз.
Аударылып кету, т.б. жағдайлардан болатын оқиғалар қаупі бар.
Пайдалану бойынша ескертпелер
Алкоголь немесе сұйылтқыш сияқты ұшпа заттар болатын жерлерде немесе жалын
бар жерлерде принтерді пайдаланбаңыз.
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Принтерден түтін шығып тұрса немесе ерекше иісті немесе шуды байқасаңыз,
принтерді пайдаланбаңыз.
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін. Қандай да бір ауытқушылықтар пайда болған жағдайда,
қуатты өшіріп, қуат кабелін дереу ажыратыңыз, содан соң дилерге немесе Epson қолдау
көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Ешқашан принтерді өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз, себебі бұл өте қауіпті.
Принтерді тұтанғыш газ немесе жарылғыш газ болуы мүмкін ортада пайдаланбаңыз.
Өнімнің ішінде немесе қасында құрамында тұтанғыш газ бар спрейлерді
пайдаланбаңыз.
Өрт шығуы мүмкін.
Кабельдерді тек нұсқаулықта көрсетілгендей етіп жүргізіңіз.
Өрт шығуы мүмкін. Сондай-ақ, ол жалғанған құрылғыларды зақымдауы мүмкін.
Принтердегі саңылауларға металл немесе жанғыш заттарды салмаңыз немесе
түсірмеңіз.
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
!
Абай болыңыз
!
Ескерту
173
173

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Sc-r5000l serie

Tabla de contenido