Техникалық Қызмет Көрсету - Asco 551 Serie Guia De Instalacion

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 4
Орнату жəне техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
551-553 сериялы соленоид клапандары, металл контактілер,
тот баспайтын болаттан жасал ан корпус, 1/4", 1/2" резьба
РҰҚСАТ СИПАТТАМАСЫ
Рұқсат етілген нұсқалар:
Тот баспайтын болаттан жасалған корпус (551, 553
сериялы), монотұрақты (серіппелі кері қайту) немесе
битұрақты, 5/2 сыртқы атмосферадан оқшауланған
нұсқасы.
- резьбалы 1/4 (551) немесе 1/2 (553) порттар - 551,
¼ дюймдік резьбалы қосылым, порттың макс.
қалыңдығы – 11,5 мм (Қысым көзін 3-шығару портына
жалғамаңыз).
- Қажетті функциялар үшін құбырларды осы құжаттамаға
жəне өнімдегі порт белгілеріне сəйкес жалғаңыз.
- Клапан функциясына кедергі болатын қандай да бір бөгде
заттың тізбекке кіріп кетпеуін қадағалаңыз. Тығыздау
таспасы немесе тығыздау затын пайдалануды барынша
азайтыңыз.
- ISO 85731 стандартына сай бұл клапандар тек таза
əрі құрғақ ауамен немесе инертті газбен пайдалануға
арналған: 2010 (5:1:-). Ұсынылатын минималды
сүзгілеу: 50 микрон. Пайдаланатын сұйықтықтың
шық нүктесі сұйықтыққа əсер етуі мүмкін минималды
температурадан кем дегенде –10°C (18°F) төмен болуы
керек. Майланған ауаны пайдаланғанда, майлағыш
пайдаланылған эластомерлермен үйлесімді болуы тиіс.
S7.3 (1975) ANSI/ISA стандартына сəйкес сығылған ауа
қажетті талаптар көрсеткішінен асады, сондықтан осы
клапандар үшін жарамды сұйықтық болып табылады.
Клапандардың шығару порттары мен басқарушы
!
клапандардың барлығы тот баспайтын болатты
шығару қорғағыштармен қорғалуы қажет. Осы шығару
қорғағыштарын клапандардың 3 – 5 (5/2) портына
жалғаңыз. Сыртта пайдаланылғанда немесе ұзақ уақыт
бойы сақталғанда жəне/немесе қолайсыз қоршаған
орта əсеріне ұшыраған кезде (шаңдар, сұйықтықтар
жəне т.с.с.), шығару қорғағыштарын пайдалану керек.
Жабдықталғаннан басқа шығару қорғағышын
пайдаланған кезде, клапан сенімділігіне кепіл
берілмейді.
- Рұқсат етілген температура ауқымы: -60°C жəне +60°C
аралығы
- Жұмыс қысымының максималды ауқымы: 2,5 – 10,4 бар
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Ортадан оқшауланған нұсқалар: Клапанның ішкі бөліктері
агрессивті орталардан қорғанысты қамтамасыз ету үшін,
сыртқы ортадан оқшауланған. Реттығын клапанының
барлық шығару порттарына құбыр жалғауға болады, олар
қоршаған ортаны жоғары деңгейде қорғайды, əсіресе, таза
бөлмелер жəне фармацевтикалық не тамақ өнеркəсібіндегі
қолданбалар сияқты тазалықты талап ететін аймақтарға
ұсынылады. Сыртта немесе қоршаған ортаның қолайсыз
жағдайларында (шаң, сұйықтық жəне т.с.с.) пайдаланған
кезде, реттығын клапанының ішкі бөлімдерін қорғау
мақсатында құбырлар мен фитингілерді шығару порттарына
жалғау қажет.
ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ШАРТТАР
Клапан жерге жалғануы керек ("Жинау" бөлімін қараңыз).
Сұйықтықтың максималды температурасы қоршаған орта
температурасынан аспауы қажет.
Пайдаланардан бұрын ұзақ уақыт тұрған болса, клапанды өз
қаптамасында сақтау керек. Қосылым порттары мен магниттік
бастардың қорғаныс элементтері өз орындарында қалуы керек.
Сақтау шарттары: қолайсыз ауа-райы əсерінен қорғалған;
сақтау температурасы: -60 C жəне +70°C аралығы;
салыстырмалы ылғалдылық: 95 %. Төмен температурада
5/2
сақтағаннан кейін, клапандардың қысымын алғаш қоспас
бұрын оларды қоршаған орта температурасына біртіндеп
келтіру керек.
Реттығын клапандары идентификациялық тақтайшада
көрсетілген техникалық сипаттама аясында жұмыс істеуге
арналған. Өнімге өзгертулерді тек өндіруші немесе оның
өкілімен ақылдасқаннан кейін жасауға болады. Осы
соленоидтық реттығын клапандары сүзгіден өткізілген ауамен
немесе бейтарап газбен жұмыс істеуге арналған. Клапан
қысымын максималды рұқсат етілген = 10,4 бар шамасынан
асырмаңыз. Абайлаңыз: басқару клапанының минималды
2,5 бар қысымын сақтаңыз. Клапанды орнату жəне техникалық
қызмет көрсету тек білікті қызметкерлермен орындалуы тиіс.
Өндірістік санитария жəне техникалық қауіпсіздіктің
негізі ережелеріне үйлесімділік еуропалық EN 13463-1
стандартының үйлесімділігімен қамтамасыз етілді.
Осы өнімді ATEX басқарушы клапанына құрастырғанда,
сəйкестігі аз категорияны, максималды жұмыс қысымын
жəне температураны есепке алыңыз. Өндірістік санитария
жəне техникалық қауіпсіздіктің негізі ережелеріне үйлесімділік
еуропалық EN 13463-1 стандартының үйлесімділігімен
қамтамасыз етілді.
36-бетте көрсетілген басқарушы клапандарды орнату
орындары жəне көрсетілген бекіту моменттерін ұстану керек.
ATEX директивасына қатысты соленоид операторлары
мен басқарушы клапандары үшін, өніммен бірге берілген
арнайы Орнату нұсқауларындағы пайдалану нұсқаулары
қатаң орындалуы қажет.
ЖИНАУ
!
ATEX нұсқалары: Барлық металл жəне ток өткізгіш
бөліктердің өзара жалғанғанын жəне жерге тұйықталғанын
тексеріңіз. Клапан корпусы жерге бекіткіш бұрамамен
қосылады (F суретін қараңыз).
Клапандарды кез келген күйде орнатуға болады.
Резьбалы порт нұсқалары 1/4 жəне 1/2 (36-бет):
Клапанды екі бұрамамен бекітіңіз (8 сілт.) (бірге берілмейді).
ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫМ (36-беттегі сурет)
• Тот баспайтын болаттан жасалған шығару протектор-
ларын реттеңіз (3-есеп).
• Пневматикалық басқару нұсқасын жалғау:
1/8 NPT немесе 1/4 NPT.
• Басқарушы клапандардың шығару порттарына
қосылу (M5)
Шығарындыларды жинауға болады.
• Пневматикалық қосылымға қатысты жалпы
ұсыныстар
Клапанның механикалық деформациялануына жол
бермеу үшін, түтіктерді дұрыс тіреп, туралаңыз. Бекіткен
кезде клапанды иінтірек ретінде пайдаланбаңыз; кілттерді
жалғау нүктелеріне барынша жақын орналастырыңыз.
Жабдықтың бүлінбеуі үшін құбыр қосылымдарын
ШАМАДАН ТЫС БЕКІТПЕҢІЗ.
• 1/4 жəне 1/2 резьбалы
Реттығын клапанын жалғау:
Жапсырмада көрсетілгендей құбырларды жалғаңыз:
- 5/2 функциясы:
1-порттағы қысым кірісі. 2-ші жəне 4-порттағы қысым
шығысы. Шыққан газ 3-ші жəне 5-портқа клапан арқылы
бағытталады.
34
Орнату жəне техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
!
Дене жарақатын алу немесе жабдықтың зақымдалу
қаупінің алдын алу үшін, кез келген техникалық қызмет
көрсету жұмыстарынан немесе пайдалануға беруден
бұрын клапанды өшіріңіз де, қысымын азайтып,
желдетіп шығыңыз.
• Тазалау
Клапандарға техникалық қызмет көрсету жұмыс күйлеріне
байланысты болады. Оларды жүйелі аралықтарда тазалап
тұру керек. Қызмет көрсету барысында құрамдастардың
шамадан тыс тозуы тексерілуі тиіс. Құрамдастарды
басқару қысымы дұрыс болса да төмен кезең байқалған
кезде немесе өзгеше шуыл не ағу анықталған кезде
тазалау керек.
• Дыбыстың шығуы
Дыбыс деңгейі клапан жүйеге пайдаланушы тарапынан
орнатылған жағдайда ғана нақты анықталады. Дыбыстың
шығуы қолданбаға, сұйықтыққа жəне пайдаланылатын
жабдықтар түріне байланысты.
• Сақтандыратын техникалық қызмет көрсету
- Жұмыс істейтінін тексеру үшін, клапанды кемінде айына
бір рет пайдаланыңыз.
- Егер техникалық қызмет көрсету кезінде қиындық
туындаса немесе күмəндансаңыз, бізге немесе біздің
өкілетті өкілдерімізге хабарласыңыз.
• Ақаулықтарды жою
- Шығыстағы қысым дұрыс емес: Клапанның қуат көзі
жағындағы қысымды тексеріңіз; ол зауыттық тақтайшада
көрсетілген мəндерге сəйкес келуі тиіс.
Абайлаңыз: басқару клапанының минималды 2,5 бар
қысымын сақтаңыз.
Жарақаттанбау үшін жəне жабдықты зақымдап алмау үшін,
клапанды қайта пайдаланбас бұрын, оның дұрыс жұмыс
істеп тұрғанын тексеріңіз.
• Қосалқы бөліктер
Катушкалар қосалқы бөліктер ретінде қол жетімді.
Қажет болса, бүкіл клапанды ауыстырыңыз.
530552-001
551-553 сериялы соленоид клапандары, металл контактілер,
тот баспайтын болаттан жасал ан корпус, 1/4", 1/2" резьба
35
KZ
5/2
530552-001

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

553 serie

Tabla de contenido