Canon SELPHY SQUARE QX10 Guía De Inicio página 469

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 193
Қағаз шығарылатын тесіктен шықпайды.
Принтердің алдыңғы жағынан қағаздың бір бөлігі шықса, қағазды
тартып шығарыңыз. Алайда қағазды саусақпен ақырын тартып
шығару мүмкін болмаса, қағазды асыра күш салып тартпаңыз. Бұл
жағдайда, қағаз шығарылғанша қуатты өшіріп, қоса беріңіз. Басып
шығару барысында қуат абайсызда өшірілсе, қуатты қайтадан
қосыңыз жəне қағаз шығарылғанша күтіңіз.
Қағаз тұрып қалса, клиенттік қолдау орталығына хабарласыңыз.
Тұрып қалған қағазды күш салып шығаруға болмайды. Əйтпесе
құрылғы ақаулығы пайда болуы мүмкін.
Wi-Fi
«The printer cannot be found.» хабары көрсетіледі.
Қуат қосылғанын тексеріңіз. (= 7)
Смартфондағы геолокациялық қызметтерді қосыңыз.
Принтерді қолданбаға жаңадан тіркеу үшін қолданбаның басты
экранының жоғарғы сол жақ бұрышындағы
«Do you want to use another QX10? >» опциясын түртіңіз.
«Change the password» көмегімен құпия сөз өзгертілген жағдайда,
QR кодпен тіркеу мүмкін болмайды. Бұл жағдайда, принтерді қолмен
тіркеңіз.
Құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, келесі əрекеттерді орындап, принтер
параметрлерін іске қосыңыз да, принтерді қолданбаға қайтадан
тіркеңіз.
Қуатты қосыңыз. → Қуат түймешігін басып тұрыңыз. 1 секундтан
кейін STATUS (Күй) шамы сөнеді. → Қуат түймешігін басып тұра
беріңіз. → STATUS (Күй) шамы жыпылықтай бастағанда, қуат
түймешігін жіберіңіз.
Басып шығаруға уақыт керек.
Принтерді 2,4 ГГц диапазонындағы жиіліктерді пайдаланатын
микротолқынды пештің немесе жабдықтың (Bluetooth, т.б.) жанында
пайдаланбаңыз. Бұдан Wi-Fi сигнал ортасы нашарлауы мүмкін.
Принтер мен смартфонды бір-біріне жақын, арасында ешқандай зат
болмайтындай етіп қойыңыз.
түймешігін түртіп,
15

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido