Bosch GBH 2-26 DFR Professional Manual Del Usuario página 162

Ocultar thumbs Ver también para GBH 2-26 DFR Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
162 | Қазақ
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жұмыс режимін орнату
GBH 2-26 RE:
"Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-қосқышының
(16) көмегімен электр құралының жұмыс режимін
таңдаңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (15)
басып, "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-
қосқышын (16) қажетті күйге шерту дыбысымен
тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика мен пластикті
соққысыз бұрғылау және бұрау күйі
GBH 2-26 DRE, GBH 2-26 DFR:
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (11) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (10)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (11) бекітілмейді.
Қашау күйі
1 609 92A 625 | (11.01.2022)
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (7) электр
құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Дегенмен ажыратқыш (9) басылса, бұл әрекетті орындау
мүмкін болмайды.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(7) екі жағынан да
күйіне тірелгенше бұраңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(7) екі жағынан да
күйіне тірелгенше бұраңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (9) басыңыз.
– Ажыратқышты (9) бұғаттау үшін оны басып тұрып,
бекіту түймесін (8) қосымша басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (9)
жіберіңіз. Ажыратқыш (9) бұғатталған кезде, оны
алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (9) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Vario-
Lock" күйіне бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
– Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (L суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (13) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (12) басып,
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (14)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (13) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus
аспапының ұстағышына (3) тірелгенше жылжытыңыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 2-26 re professionalGbh 2-26 dre professional

Tabla de contenido