Bosch Professional GBH 220 Manual Original página 134

Ocultar thumbs Ver también para Professional GBH 220:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
134 | Қазақ
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (10) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
(G суретін қараңыз)
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының артқы
төлкесін (19) нық ұстап тұрыңыз. Алдыңғы төлкені
құралды шығару мүмкін болғанша бұрау арқылы құрал
бекіткішін ашыңыз.
Saugfix көмегімен шаң сору (керек-жарақ)
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғыш құрылғыны орнату (H суретін қараңыз)
Шаң сору үшін Saugfix (керек-жарақ) қажет болады.
Бұрғылау кезінде Saugfix артқа серпіледі, осылайша
Saugfix бастиегі әрдайым түбінде болады.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (11) басып,
тереңдік шектегішін (13) шығарып алыңыз. (11)
түймесін қайтадан басып, Saugfix тетігін алға қарай
қосымша тұтқаға (12) орнатыңыз.
– Сорғыш шлангіні (диаметрі 19 мм, керек-жарақ)
Saugfix кіріс саңылауына (20) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Saugfix арқылы бұрғылау тереңдігін реттеу (I суретін
қараңыз)
Қажетті бұрғылау тереңдігін X Saugfix орнатылған кезде
де реттеуге болады.
– SDS-plus алмалы-салмалы аспабын SDS-plus құрал
бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Кері
жағдайда SDS-plus құралының жылжу әрекеттері қате
бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Saugfix тетігіндегі қатпарлы бұранданы (24) бұрап
босатыңыз.
1 609 92A 5PD | (20.08.2020)
– Электр құралын қоспай жұмыс бетіне тұрақты етіп
орнатыңыз. Бұл ретте SDS-plus алмалы-салмалы
аспабы бетке қонуы тиіс.
– Saugfix бағыттауыш құбырын (25) ұстағышында
Saugfix бастиегі бұрғыланатын бетте орналасатындай
етіп жылжытыңыз. Телескоптық құбырдағы (23)
шкаланың көп бөлігі көрінуі үшін, бағыттауыш
құбырды (25) телескоптық құбырда (23) одан ары
жылжытпаңыз.
– Қатпарлы бұранданы (24) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Saugfix тереңдік шектегішіндегі қысқыш бұранданы
(21) бұрап босатыңыз.
– Телескоптық құбырдағы (23) тереңдік шектегішін (22)
суретте көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне сәйкес болатындай етіп жылжытыңыз.
– Қысқыш бұранданы (21) осы күйде бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жұмыс режимін реттеу
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (10) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (9)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (10)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (10) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу (J суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (8) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido