Bosch UniversalPump 18V Manual Original página 101

Tabla de contenido

Publicidad

Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне
тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы ажыратқыш
жартылай немесе толық басылғанда бірнеше секунд
ішінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 × жасыл
Үздіксіз жарық 2 × жасыл
Үздіксіз жарық 1 × жасыл
Баяу жыпылықтау 1 × жасыл
Аккумулятор температурасы жұмыс температурасының
диапазонынан тыс және/немесе артық жүктемеден
қорғаныс жұмыс істеп қалса, заряд деңгейі
индикаторының 3 жарық диоды және манометр жарығы
бір уақытта жыпылықтайды.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Монтаждау және пайдалану
Пайдалану мақсаты үшін жарамды адаптерді таңдаңыз:
– Вентиль адаптері (13): мысалы, көптеген велосипед
вентильдері үшін,
– Доп инесі (14): мысалы, футбол доптары үшін,
– Көлем адаптері (12): шағын жағажай немесе спорт
бұйымы үшін, мысалы, су добы.
Әдеттегі автомобиль вентильдері үшін (кейде велосипед
шиналарында қолданылады) адаптер қажет емес.
Сақтау бөлімінің бекіткішін (15) ішке басып, қондырманы
сақтау бөлімінің қақпағын (7) ашыңыз және жарамды
адаптерді шығарып алыңыз.
Вентиль қалпағы бар болса, оны үрленетін заттан алып
тастаңыз.
Bosch Power Tools
Қысымды шлангіні (10) орау және жазу
(A суретін қараңыз):
– Шланг қысқыштарын (9) босату арқылы қысымды
шлангіні (10) жазып алыңыз.
– Қысымды шлангіні (10) жазу кезінде оның шланг
қысқыштарымен (9) ұсталғанына көз жеткізіңіз.
Ауа сорғысын вентильге жалғау (B суретін қараңыз):
– Вентиль адаптері (13): алдымен вентильге адаптерді
бұрап орнатыңыз. Содан кейін адаптерді қысымды
шлангіге (10) тірелгенше бұрап кіргізіңіз.
– Доп инесі (14) және көлем адаптері (12): алдымен
адаптерді қысымды шлангіге (10) тірелгенше бұрап
кіргізіңіз. Содан кейін қысымды шлангіні (10)
адаптермен бірге вентильге бұрап бекітіңіз.
– Егер адаптер қажет болмаса, қысымды шлангіні (10)
Қуаты
вентильге бұрап бекітіңіз.
75–100 %
Жалғанған заттағы нақты қысым (бар немесе фунт/
40–75 %
шаршы дюйм) манометрде (1) көрсетіледі.
15–40 %
Үрлеу:
0–15 %
– Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6)
солға итеріңіз (C суретін қараңыз).
– Ауа сорғысын қосу және үрлеу процесін бастау үшін
ажыратқышты (5) басыңыз. Дәл сол уақытта жұмыс
шамы (11) және манометр жарығы қосылады.
Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзіңізді
шағылыстыруы мүмкін.
– Егер қажетті қысым манометрде (1) көрсетілсе,
ажыратқышты (5) жіберіңіз. Жұмыс шамы (11) және
манометр жарығы сөніп, ауа сорғысы өшіп қалады.
– Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6)
оңға итеру арқылы ажыратқышты құлыптаңыз
(C суретін қараңыз).
Нұсқау: ұзақ үрлеу әрекеттерін шамамен 5 минуттан
кейін тоқтатыңыз және шлангіні және адаптердің металл
бөлшектерін кемінде 5 минут суытыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Ауа сорғысында кез келген жұмыстар (мысалы,
u
техникалық қызмет көрсету, құралды алмалстыру
және т.б.) өткізбес бұрын және оны тасымалдау
және сақтау кезінде аккумуляторды ауа
сорғысынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін ауа сорғысы
u
мен желдеткіш саңылауларды таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Қазақ | 101
бағытымен
бағытымен
1 609 92A 6BC | (09.12.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 603 j47 100

Tabla de contenido