Жылулық Қорғаныс; Бұйымға Кіріспе; Өнім Сипаттамасы; Мақсатты Пайдалану - Grundfos KPC 24/7 210 Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
3.3 Жылулық қорғаныс
Егер сорғы сусыз іске қосылса немесе артық
жүктелсе, кірістірілген термиялық қосқыш алынып
тасталады.
Мотор қалыпты температураға салқындаған
кезде, ол автоматты түрде қайтадан іске
қосылады.
4. Бұйымға кіріспе
4.1 Өнім сипаттамасы
KPC сорғы сериясы судың астында қолдануға
жарамды сорғы түрі болып табылады жəне
талшығы жоқ шаруашылық-тұрмыстық ағын
суларды айдап шығаруға, көбінесе қозғалмайтын
тұрақты қондырғыларда тұрмыстық мақсатта
пайдалануға арналған жəне құрастырылған.
Өздерінің ықшам пішінінің жəне оңай
басқарылуының арқасында, KPC сорғылары
төтенше жағдайларда ары-бері жылжытып
қолдану үшін жарамды.
4.2 Мақсатты пайдалану
4.2.1 KPC сериясы
KPC сорғылары қолмен не автоматты түрде іске
қосуға, су басып қалған жертөлелер мен
гараждарды құрғатуға, канализациялардан,
жаңбыр суы науаларынан, суағарлардан жəне т.б.
ағын суларды айдап шығаруға арналған.
KPC сорғылары бактерден немесе өзендерден су
тарту, бассейндер немесе фонтандар, қазбалар
немесе өтпелер суын ағызу сияқты төтенше
жағдайларда ары-бері жылжытып қолдану үшін
жарамды.
Сонымен қатар, сорғылар бағбандық пен жалпы
хоббилік қолданысқа арналған.
Қалқымалы қосқыш тұрақты орнатуға мүмкіндік
береді жəне сорғыны автоматты түрде іске қосуды
қамтамасыз етеді.
4.2.2 KPC 24/7 сериясы
KPC 24/7 сорғысының сериясы негізінен
тоғандарда суды айналдырып тұратын тұрақты
қондырғылардың үздіксіз жұмысын сақтауға жəне
фонтандар мен сарқырамаларды сумен қамтуға
арналған.
KPC 24/7 сорғылары бактерден немесе
өзендерден су тарту, бассейндер немесе
фонтандар, қазбалар немесе өтпелер суын ағызу
сияқты төтенше жағдайларда ары-бері жылжытып
қолдану үшін жарамды.
Сонымен қатар, сорғылар бағбандық пен жалпы
хоббилік қолданысқа арналған.
KPC 24/7 сорғылары қалқымалы қосқышпен
жабдықталмаған.
150
4.3 Жұмыс сұйықтықтары
KPC сорғылары жаңбыр суын жəне талшықтары
жоқ тұрмыстық-шаруашылық ағын суды соруға
арналған.
Сорғылар келесі сұйықтықтар үшін жарамсыз:
ұзын талшықтары бар сұйықтықтар
тұтанғыш сұйықтықтар (мұнай, бензин жəне
т.б.)
агрессивті сұйықтықтар.
5. Өнімге қызмет көрсету
5.1 Өнімге техникалық қызмет көрсету
Қалыпты жағдайда сорғы техникалық қызмет
көрсетуді қажет етпейді.
Егер сорғы таза судан басқа сұйықтықтарға
пайдаланылса, онда сорғыны пайдаланып
болғаннан кейін бірден таза сумен бірден шаю
қажет.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Өнімде кез келген жұмысты бастамас
бұрын, қуат көзін өшіріңіз. қуат
кернеуін кездейсоқ қосылуын
болдырмау үшін барлық шараларды
қолдану керек.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Егер қуат кабелі зақымдалған болса,
қауіпті жағдайдың алдын алу үшін
оны өндіруші, оның сервистік
қызметінің маманы немесе сол
сияқты білікті адамдар ауыстыруы
керек.
Қызмет көрсету тек білімді қызмет
көрсету қызметкерлерімен орындалуы
қажет.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Kpc 24/7 270Kpc 300 aKpc 600 a

Tabla de contenido