Негізгі Реттеулерді Тексеру Және Реттеу - Bosch GTS 10 XC Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GTS 10 XC Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 62
– Дайындаманы бір қолмен профильдік тіреуішке (34)
қарай итеріп, бұрыштық тіректі басқа қолмен реттегіш
бастиегінен (65) бағыттауыш ойық (9) ішіне баяу алға
қарай жылжытыңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
Көлденең еңіс бұрыштарын бұғатталған жылжыма
бөлшектермен аралау
– Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3)
орнатыңыз.
– Бұрыштық тірек (3) бағыттауыш ойықта (9) (сол
немесе оң жақ) еркін қозғалуы тиіс. Бұл ретте қажет
болса, домалатпа бұранданы (54) босатыңыз.
– Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз
„Түзу кесіктерді аралау", Бет 322)
Көлденең еңіс бұрыштарын жылжыма бөлшек
көмегімен аралау
– Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3)
орнатыңыз.
– Жылжыма бөлшектің қысқыш тұтқасын (29)
толығымен жоғары тартып, жылжыма бөлшекті (2)
алға тартыңыз.
– Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың
(6) алдына қойыңыз.
– Бұрыштық тіректі (3) дайындама алдында сол жақ
бағыттауыш ойығында (9) орналастырыңыз.
Домалатпа бұранданы (54) берік тартып қою арқылы
осы күйді бұғаттаңыз.
– Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз
„Түзу кесіктерді аралау", Бет 322)
Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
0°/45° тік стандартты еңіс бұрышына арналған
тіректерді реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын
реттеңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
Тексеру (M1 суретін қараңыз)
– Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
аралау үстеліне (17) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара
дискісінде (33) жатуы керек.
Реттеу (M2 суретін қараңыз)
– Бұранданы (71) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (28)
жылжытуға болады.
– Бекіткіш иінтіректі (26) босатыңыз.
Bosch Power Tools
– Сермерді (19) бұрыштық калибрдің иіні ара
дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0°
тірекке қарай жылжытыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(26) қайтадан бекітіңіз.
– Бұранданы (71) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (64) реттегеннен кейін
шкаланың (27) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (72) стандартты крест ойықты бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік
еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы
(73) босату; 45° тіректі (25) жылжыту). Бұл ретте бұрыш
индикаторын (64) қайтадан реттеу мүмкін емес.
Ара дискісінің бұрыштық тіректің бағыттауыш
ойықтарымен параллельдігі (N суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
Тексеру
– Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін
бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз.
– Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
бағыттауыш ойықтың (9) шетіне қойыңыз.
– Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше
жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық
арақашықтығын оқып алыңыз.
– Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің
алдында тұрғанша бұраңыз.
– Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен
белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз.
– Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын
өлшеңіз.
Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы
тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің астындағы алдыңғы ішкі алты қырлы
бұрандаларды (74) және аралау үстелінің астындағы
артқы ішкі алты қырлы бұрандаларды (75) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (37)
босатыңыз.
– Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (9) параллель
тұрғанша мұқият жылжытыңыз.
– Барлық (74) және (75) бұрандаларын қайтадан берік
бекітіңіз.
Аралау үстелінің арақашықтық индикаторын реттеу
(O суретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы (68) белгі астыңғы
шкалада 33 см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Қысқыш тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай
тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (11) тірелгенше
сыртқа қарай тартыңыз.
Қазақ | 323
1 609 92A 7WN | (14.06.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m30 4033 601 m30 4733 601 m30 4323 601 m30 462

Tabla de contenido