Негізгі Реттеулерді Тексеру Және Реттеу - Bosch GTS 18V-216 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GTS 18V-216 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
322 | Қазақ
– Дайындаманы бұрыштық тірекке (2) қойыңыз.
– Ара дискісін қос иін (15) арқылы жоғарғы ара тістері
дайындама жоғарғы бетінен шамамен 5 мм-ге жоғары
тұратындай етіп көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бір қолмен бұрыштық тірекке қарай
итеріп, басқа қолмен реттегіш бастиектен (54)
бағыттауыш ойық (30) ішіне баяу алға қарай
жылжытыңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
0°/45° тік стандартты еңіс бұрышына арналған
тіректерді реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын
реттеңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.
Тексеру (J1 суретін қараңыз)
– Үстел ендірмесін (25) алып тастаңыз (қараңыз „Үстел
ендірмесін монтаждау (c суретін қараңыз)", Бет 317).
– Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
аралау үстеліне (23) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара
дискісінде (26) жатуы керек.
Реттеу (J2 суретін қараңыз)
– Бұранданы (58) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (22)
жылжытуға болады.
– Бекіткіш иінтіректі (20) босатыңыз.
– Сермерді (14) бұрыштық калибрдің иіні ара
дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0°
тірекке қарай жылжытыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(20) қайтадан бекітіңіз.
– Бұранданы (58) қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Үстел ендірмесін (25) қайтадан монтаждаңыз
(қараңыз „Үстел ендірмесін монтаждау (c суретін
қараңыз)", Бет 317).
Егер бұрыш индикаторы (21) реттегеннен кейін
шкаланың (19) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (59) стандартты крест ойықты бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік
еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы
(60) босату; 45° тіректі (18) жылжыту). Бұл ретте бұрыш
индикаторын (21) қайтадан реттеу мүмкін емес.
1 609 92A 7NP | (27.04.2022)
Ара дискісінің бұрыштық тіректің бағыттауыш
ойықтарымен параллельдігі (K суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.
Тексеру
– Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін
бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз.
– Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
бағыттауыш ойықтың (30) шетіне қойыңыз.
– Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше
жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық
арақашықтығын оқып алыңыз.
– Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің
алдында тұрғанша бұраңыз.
– Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен
белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз.
– Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын
өлшеңіз.
Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы
тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің астындағы алдыңғы ішкі алты қырлы
бұрандаларды (61) және аралау үстелінің астындағы
артқы ішкі алты қырлы бұрандаларды (62) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (10)
босатыңыз.
– Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (30) параллель
тұрғанша мұқият жылжытыңыз.
– Барлық (61) және (62) бұрандаларын қайтадан берік
бекітіңіз.
Аралау үстелінің арақашықтық индикаторын реттеу
(L суретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі шкала индикаторындағы (56)
таңбалама астыңғы шкалада 29 см көрсеткенше
жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (41) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Қысқыш тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай
тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (6) тірелгенше
сыртқа қарай тартыңыз.
Тексеру
Арақашықтық индикаторы (57) жоғарғы шкалада (1)
төменгі шкаладағы (1) шкала индикаторындағы (56)
таңбаламамен бірдей мәнді көрсетуі тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
– Бұранданы (63) крест ойықты бұрауышпен босатып,
арақашықтық индикаторын (57) жоғарғы шкаланың
(1) 29 cм белгісінің бойымен туралаңыз.
Параллель тіректің параллельдігін реттеу (M суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m44 0003 601 m44 0403 601 m44 0k03 601 m44 0b0Professional gts 18v-216

Tabla de contenido