Kärcher SC 4 Deluxe EasyFix Manual página 242

Ocultar thumbs Ver también para SC 4 Deluxe EasyFix:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 48
1. Нүктелік шүмекті бу тапаншасына
ысырыңыз.
Сурет F
Дөңгелек шөтке (кішкентай)
Кішкентай дөңгелек шөтке қатты кірді
кетіру үшін қызмет көрсетеді. Щетка
арқылы ескі ластарды жою оңай.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып
тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға
арналмаған.
1. Кішкентай дөңгелек шөткені нүктелі
тозаңдату қондырмасына орнатыңыз.
Сурет G
Үлкен дөңгелек шөтке
Үлкен дөңгелек шөтке шұңғылша, себезгі
кабинасы, ванна, ас үй жуғышы сияқты
үлкен дөңгелек беттерді тазалауға
қолайлы болып табылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып
тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға
арналмаған.
1. Үлкен дөңгелек шөткені нүктелі
шүмекке бекітіңіз.
Сурет G
Турбо қондырма
Турбо қондырма қатып қалған кірді
тазалауға жəне бұрыштарды, тігістерді
жəне т.б. үрлеп тазалауға жарамды.
1. Турбо қондырманы дөңгелек шөткеге
сəйкес келетін нүктелік шүмекке
орнатыңыз.
Сурет G
Тегістеу шөткесі
1. Тегістеу шөткесі тар саңылауларды,
мысалы, терезе тауашалары мен
қабырғадағы иінді тесіктер арасында
тазарту үшін қолданылады.
Сурет G
242
Қондырма-щетка
Қондырма-щеткамен шағын жуылатын
беттерді, душ кабиналарын жəне
айнаны тазалауға болады.
1. Қолмен жұмыс істейтін қондырманы
бу пистолетіндегі сəйкес нүктелі
тозаңдату қондырмасына кигізіңіз.
Сурет F
2. Майлықты микроталшыққа бекітіңіз.
Еден тазалауға арналған
Еденге арналған қондырмамен тас
едендер, плитка жəне ПВХ едендер
сияқты жуылатын қабырға жəне еден
жабындарын тазалауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бумен өңдеуден болған зақымдар.
Жоғары температура мен ылғалдық
зақымдарға əкелуі мүмкін.
Пайдалану алдында будың жылуға
төзімділігі мен əсерін білінбейтін жерде
будың аз мөлшерімен тексеріңіз.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш
құралдардың немесе күтім көрсетуге
арналған эмульсиялардың қалдығы
бумен тазалаған кезде жолақтар пайда
болуына əкелуі мүмкін, ол қайта
өңдеген кезде жойылады.
Құрылғыны қолдану алдында еденнің
бетін шаңсорғышпен соруға немесе
сыпыруға кеңес беріледі. Осылайша
ылғалды тазартудан бұрын еден лас пен
бөтен заттардан тазартылады. Қатты
ластанған жерлерде будың ұзақ əрекет
етуі үшін мұқият жұмыс істеңіз.
1. Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен
байланыстырыңыз.
Сурет H
2. Еденге арналған қондырманы
ұзартқыш түтікке кигізіңіз.
Сурет I
3. Еденге арналған қондырмаға
майлықты бекітіңіз.
a Еденге арналған майлықты еденге
жабысатын жолақтарын жоғары
қаратып қойыңыз.
Қазақша
қондырма

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Sc 4 deluxe easyfix premium

Tabla de contenido