Descargar Imprimir esta página

Indesit DFP 58B1 Manual De Instrucciones página 65

Ocultar thumbs Ver también para DFP 58B1:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
Позициясы реттелетін қайырмалы бөліктер
Ыдыс-аяқты тартпа ішінде оңтайлы түрде реттеу үшін шеткі
қайырмалы бөліктерді үш биіктікке орналастыруға болады.
Шарап бокалдарын аяғын тиісті тесікке салу арқылы
қайырмалы бөліктерге қауіпсіз түрде орналастыруға болады
*
Ыдыс-аяқ науасы
Кейбір ыдыс ж уу машина үлгілері ас құралдарын
немесе кіші шыныаяқтарды ұстап тұруға қолданылатын
сырғымалы науамен жабдықталған. Жуу өнімділігі
оңтайлы болуы үшін үлкен ыдыс-аяқты науаның дәл
астына қоймаңыз.
Ыдыс-аяқ науасын алып тастауға болады (Суретті көріңіз).
*
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Науаға ыдыс қоймас бұрын
тіректер
жоғарғы
тартпаға
дұрыс
бекітілгеніне
көз
жеткізіңіз (Суретті көріңіз).
Жоғарғы тартпаның биіктігін қажеттіліктерге қарай реттеуге
болады: үлкен ыдыс-аяқты төменгі тартпаға қою үшін жоғарғы
позиция және жоғары жақта көбірек орын қалдыру арқылы
қайырмалы бөліктерді барынша пайдалану үшін төменгі
позиция.
Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны
жоғары немесе төмен жылжытуға болады.
Жоғарғы тартпаның биіктігі ТАРТПА БОС БОЛҒАНДА
реттелуі керек.
Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп
қоюшы болмаңыз.
*
Тартпа Көтеру құралымен
болса, оны екі жағынан ұстап көтеріңіз. Төменгі позицияға
қайтадан қою үшін тартпаның шеттеріндегі тұтқаларды (A)
басып, тартпаны төмендетіңіз.
Лайықсыз ыдыс-аяқ
• Ағаштан жасалған ыдыс-аяқ пен ас құралдары.
• Безендірілген нәзік стақандар, қолдан жасалған бұйымдар
және көне ыдыс-аяқ. Олардың әшекейі төзімді емес.
• Жоғары температураға төзімді емес синтетикалық
материалдан жасалған бөліктер бар ыдыс-аяқ.
• Мыс пен қалайыдан жасалған ыдыс-аяқ.
• Күл, балауыз, майлайтын май немесе сиямен ластанған
ыдыс-аяқ.
Жуу процесі барысында әсем шыны мен алюминий/күміс
заттардың түсі өзгеріп, өңіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, бірнеше
рет жуғаннан кейін кейбір шыны түрлері (мысалы, хрусталь)
бұлыңғыр болып кетуі мүмкін.
Шыны мен ыдыс-аяқтың зақымдалуы
Себебі:
• Шыны мен шыны шығару процесінің түрі.
• Жуғыш заттың химиялық құрамы.
• Шаю циклындағы су температурасы.
Кеңестер:
• Өндіруші ыдыс жуу машинасында жууға болатынына
кепілдік берген шыны мен фарфорды қолданыңыз.
• Ыдыс-аяққа қолайлы нәзік жуғыш зат қолданыңыз.
• Стақандар мен ыдыс-аяқ жуу циклы аяқталған кезде дереу
ыдыс жуу машинасынан шығарып алыңыз.
(суретті қараңыз)
жабдықталған
KZ
65

Publicidad

loading