Descargar Imprimir esta página

Bosch GRL 400 H Professional Manual Del Usuario página 111

Ocultar thumbs Ver también para GRL 400 H Professional:

Publicidad

Соққы туралы ескерту функциясының реттеуі өлшеу
құралы өшкенде жадта сақталады.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді
барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте
пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын
мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте
қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу
қашықтығында нивелирлеу дәлдігін тексеруге кеңес
беріледі. Осьтердің екеуін де толық өлшеу
процедурасынан өткізіңіз.
– Өлшеу құралын қабырғадан 30 м арақашықтықта
штативке монтаждаңыз немесе оны берік әрі тегіс
бетке қойыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз.
30 m
– Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің
ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
d
– Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына
бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ
нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің
Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d
айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының
дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін
өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа
бұраңыз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды
ауытқу:
30 м × ±0,08 мм/м = ±2,4 мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ
нүктелер арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу
әрекетінің әрқайсысында ең көбі 4,8 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын
u
пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен
өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (17) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (17)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегін
ұсынады. Өлшеу құралын 5/8 дюймдік штатив
бекіткішімен (9) штативтің (14) ирек оймасына
орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі бекіткіш
бұрандамен бұрап бекітіңіз.
Шығысында өлшем шкаласы бар штативте биіктік
өзгерісін тікелей реттеуге болады.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен (керек-жарақ) жұмыс істеу
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер
қабылдағышын (12) пайдаланыңыз.
Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең
жоғары айналу жылдамдығымен көлденең немесе тік
жұмыс режимін таңдаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу үшін оның
180°
пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып орындаңыз.
Өлшегіш рейкамен (керек-жарақ) жұмыс істеу
(A суретін қараңыз)
Тегістіктерді тексеру немесе құлама жерлерді белгілеу
үшін лазер қабылдағышымен бірге өлшегіш рейканы
(13) пайдалануға кеңес беріледі.
Өлшегіш рейканың (13) үстінде салыстырмалы өлшем
шкаласы белгіленген. Оның нөлдік биіктігін шығыстың
астыңғы жағында таңдауға болады. Осылайша мақсатты
биіктік ауытқуларын тікелей көруге болады.
Қазақ | 111
1 609 92A 8LK | (20.04.2023)

Publicidad

loading