160 | Қазақ
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангты шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (27) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (14) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (14) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (27) берік бекемдеңіз.
Цангалық қысқышты (27) жібергеннен кейін аралау
тереңдігін толығымен орнату мүмкін болмаса, онда
цангалық қысқышты (27) арадан тартыңыз және төмен
қарай бұрыңыз. Цангалық қысқышты (27) жіберіңіз. Осы
әрекетті қажет аралау тереңдігін орнатқанша қайталаңыз.
Қысқыш тұтқыштың (27) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (27) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Цангалық қысқышты (27) бекемдегеннен кейін аралау
тереңдігін жеткілікті бекіте алмасаңыз, цангалық
қысқышты (27) арадан ары тартыңыз және жоғары қарай
бұрыңыз. Цангалық қысқышты (27) жіберіңіз. Бұл
әрекетті қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз
Еңіс бұрышын реттеу (GKS 55+ G/GKS 55+ GCE)
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандамаларды (15) және (8) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (6) шкаласында
орнатыңыз. (15) мен (8) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (28) көрсетілген саннан кем.
Еңіс бұрышын реттеу (GKS 165)
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
1 609 92A 4PZ | (28.01.2021)
Қатпарлы бұранданы (8) босатыңыз. Араны бүйірге
қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (6) орнатыңыз.
Қатпарлы бұранданы (8) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (28) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° кесу белгісі (10) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (9) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (3) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау (GKS 55+ GCE)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелектің (1) көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да алдын ала таңдауға болады.
Қажет айналу жиілігі пайдаланылатын ара төсеміне
байланысты (пайдалану нұсқаулығының соңындағы ара
төсемдеріне шолу бөлімін қараңыз). Бұл аралау кезінде
ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Жүріс тежегіші (GKS 55+ G/GKS 55+ GCE)
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
45
0
Bosch Power Tools