13. Аккумулятор картриджін бөлме
температурасы 10°C (50°F) ТӨМЕН
немесе 40°C (104°F) ЖОҒАРЫ болған
кезде зарядтамаңыз. Суық температура
жағдайында зарядтау іске қосылмауы
мүмкін.
14. Арттырушы трансформаторды, қозғалтқыш
генераторын немесе ТТ розеткасын
пайдалануға әрекеттенбеңіз.
15. Зарядтау құрылғысының желдеткіші
саңылауларының кез келген затпен
жабылып немесе бітеліп қалуына жол
бермеңіз.
16. Су қолыңызбен сымды жалғауға немесе
ажыратуға және аккукмуляторды салуға
немесе алуға болмайды.
17. Зарядтау құрылғысын тазалау үшін
жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда
болуы мүмкін.
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер
көрсетілген. Пайдалану алдында олардың
мағынасын түсініп алыңыз.
Тек бөлме ішінде пайдалануға арналған.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
ҚОС ҚАБАТТЫ ОҚШАУЛАУ
Тек ЕО елдеріне арналған
Жабдықта қауіпті құрамдастардың
болуына байланысты, электрлік
және электрондық жабдықтардың,
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Электрлік және электрондық
құрылғыларды немесе батареяларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайды!
Электрлік және электрондық
жабдықтардың қалдықтары және
аккумуляторлар мен батареялар және
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық
заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық
директиваға сәйкес, электрлік
жабдықтардың, батареялардың және
аккумуляторлардың қалдықтары бөлек
жиналуы және қоршаған ортаны қорғау
ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін
тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне
жеткізілуі керек.
Бұл жабдыққа орналастырылған айқас
сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі.
Зарядтау
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
кейін аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысының қуат ашасын АТ кернеу
көзінен алып тастаңыз және аккумуляторларға
арналған зарядтау құрылғысының бастиегін
алып тастап, аккумулятордың қақпағын
бекітіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
арналған зарядтау құрылғысы тек портативті
қуат беру блогы түріндегі MAKITA өнімдерін
зарядтауға арналған. Оны басқа мақсаттар
немесе басқа өндірушінің аккумуляторлары
үшін ешқашан пайдаланбаңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
арналған зарядтау құрылғысы блокқа
қосылған кезде құрал немесе машина іске
қосылмайды. Бұл жағдайда аккумуляторларға
арналған зарядтау құрылғысын блоктан алып
тастаңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
аккумулятор температурасы төмен немесе
жоғары болса, зарядтау процесі тоқтауы
мүмкін. Бұл жағдайда аккумуляторды
жылыту немесе суыту арқылы аккумулятор
температурасы қалыпты болғанша күтіңіз,
содан кейін зарядтауды қайта бастаңыз.
1.
Аккумулятор қақпағын оны бұрау арқылы
алыңыз.
► Сурет1: 1. Қақпақ
2.
Аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысының бастиегіндегі дөңес жерді блок
ашасындағы қарсы бөлікпен туралаңыз, содан кейін
бастиекті бұрау арқылы ашаны бастиекке бекітіңіз.
► Сурет2: 1. Дөңес жер 2. Розетка 3. Аша
3.
Аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысының қуат ашасын сәйкес АТ кернеу көзіне
қосыңыз.
4.
Зарядтау аяқталғаннан кейін аккумуляторларға
арналған зарядтау құрылғысының бастиегін алып
тастап, аккумулятор қақпағын бекітіңіз.
94 ҚАЗАҚША
Зарядтау аяқталғаннан
Аккумуляторларға
Аккумуляторларға
Зарядтау кезінде