Descargar Imprimir esta página

Bosch 0601069L00 Manual Original página 82

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
82 | Қазақ
ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер қабылдағышы
батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Бағыт индикаторлары
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (11) орналасуы
осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы
жағындағы дисплейде (6) "Ортаңғы сызық астындағы
лазер сәулесі" бағыт индикаторы (h), "Ортаңғы сызық
үстіндегі лазер сәулесі" бағыт индикаторы (j) немесе
ортаңғы сызық индикаторы (i) арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал арқылы.
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (11) жоғарғы бөлігінен өтсе,
дисплейде "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген
бағыт индикаторы (j) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал баяу ырғақпен
беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай
жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (11) астыңғы бөлігінен өтсе, дисплейде
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (h) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жылдам
ырғақпен беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай
жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау
өрісінен (11) ортаңғы сызық биіктігінде өтсе, дисплейде
ортаңғы сызық индикаторы (i) пайда болады.
Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы: лазер
сәулесі бөгеттен үзілсе және қабылдау өрісіне (11) ары
қарай қол жеткізбесе, соңғы рет көрсетілген "Ортаңғы
сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (j), "Ортаңғы сызық астындағы лазер
сәулесі" деген бағыт индикаторы (h) немесе ортағы
сызық индикаторы (i) дисплейде қысқа уақыт ішінде
жыпылықтайды.
Салыстырмалы биіктік индикаторы (B суретін
қараңыз)
Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне (11) тисе, лазер
сәулесі мен орта белгісінің (10) арасындағы қашықтық
дисплейдегі салыстырмалы биіктік индикаторында (g)
көрсетіледі.
Егер қабылдау өрісіндегі (11) лазер сәулесі мен орта
белгісінің (10) арасындағы қашықтық 30 мм шамасынан
артық болса, салыстырмалы биіктік индикаторы (g)
сөнеді. Бұл жағдайда тек қана сәйкес бағыт индикаторы
көрсетіледі.
Дисплей жарығы
Лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы
дисплейлерде (6) жарық функциясы бар.
1 609 92A 7LL | (02.05.2022)
Дисплей жарығы лазер қабылдағышын әр қосқаннан
кейін қосылады. Дисплей жарығы мына жағдайларда
уақытша ажыратылады:
– лазер сәулесі қабылдау өрісіне жетпеген кезде,
түймені әр басқаннан кейін 2 минут ішінде,
– лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі орналасуы бұл
уақытта өзгермеген кезде, түймені әр басқаннан кейін
2 минут ішінде.
Дисплей жарығын толықтай өшіру үшін дисплей жарығы
түймесін (5) басыңыз.
Реттеулер
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің (3) көмегімен лазер
сәулесінің орналасуы қабылдау өрісінде "орталық"
ретінде көрсету дәлдігін анықтауға болады:
– "Дәл" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (c) индикаторы),
– "Орташа" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (b)
индикаторы),
– "Шамамен" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (a)
индикаторы).
(a), (b) және (c) индикаторларының әрқайсысы үшін екі
мәнді таңдауға болады. Қабылдау дәлдігін реттеу
түймесін (3) әр басқан сайын, салыстырмалы биіктік
индикаторында (g) қабылдау дәлдігінің тиісті мәні қысқа
уақытқа пайда болады.
Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде
жадқа сақталады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (11) орналасуы
сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды
өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін
дыбыстық сигнал түймесін (4) дисплейде қалаулы дыбыс
деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Дыбыс деңгейі төмен
болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы (e)
сызықшасыз, дыбыс деңгейі жоғары болса, бір
сызықшамен пайда болады, ал дыбыстық сигнал өшірулі
болса, индикатор сөнеді.
Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген
кезде жадқа сақталады.
Өлшем бірлігін ауыстыру
Мәндердің өлшем бірлігін салыстырмалы биіктік
индикаторында (g) өзгертуге болады.
Ол үшін дыбыстық сигнал түймесін (4) және қабылдау
дәлдігін реттеу түймесін (3), қажетті бірлік өлшем
бірлігінің индикаторында (d) пайда болғанша, бір уақытта
басыңыз.
Өлшем бірлігінің реттеуі лазер қабылдағышын өшірген
кезде жадқа сақталады.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Lr 45 professional