Descargar Imprimir esta página

Bosch 0601069L00 Manual Original página 83

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
Пайдалану нұсқаулары
Ватерпаспен туралау
Ватерпастың (7) көмегімен лазер қабылдағышын тігінен
(перпендикуляр бойынша) туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Белгілеу
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта
белгісінде (10) қабылдау өрісінің (11) ортасынан өтетін
лазер сәулесінің орналасуын белгілеуге болады.
Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен
(көлденең лазер сәулесінде) немесе көлденеңінен (тік
лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе
белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді.
Ұстағышпен бекіту (C суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ұстағыштың (16) көмегімен
өлшегіш рейкаға (19) (керек-жарақ) да, макс. ені 60 мм
құрайтын басқа да көмекші құралдарға бекітуге болады.
Ұстағышты (16) лазер қабылдағышындағы бекіткішке (9)
кіргізіп, ұстағышты бекітіңіз.
Ұстағыштың айналмалы түймесін (17) жіберіңіз,
ұстағышты, мысалы, өлшегіш рейкаға (19) жылжытып,
айналмалы түймені (17) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Ватерпастың (20) көмегімен ұстағышты (16) және лазер
қабылдағышын көлденеңінен туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық (15) ортаңғы
белгімен (10) бірдей биіктікте орналасқан және лазер
сәулесін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Ұстағышты (16) лазер қабылдағышынан алып тастау үшін
құлыптан босату түймесін (18) басып, ұстағышты лазер
қабылдағышынан тартып шығарыңыз.
Магнитпен бекіту (D суретін қараңыз)
Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын
магниттердің (8) көмегімен болат бөліктерге бекітуге
болады.
Стробоскоп жарығынан туындайтын ақаулық
Стробоскоп жарығының (мысалы, жарық диодты
шамдардан) лазер қабылдағышының қабылдау
өрісіне (11) жетуіне жол бермеңіз.
Лазер қабылдағышында стробоскоп жарығынан ақаулық
туындаған жағдайда, дисплейдегі өлшем бірлігінің
индикаторы (d) жыпылықтайды. Салыстырмалы биіктік
индикаторы (g) және (h), (i) және (j) бағыт
индикаторлары сөнеді.
Не лазер қабылдағышын, не стробоскоп жарығының
көзін қайтадан орналастырыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Лазер қабылдағышын әрдайым таза күйде ұстаңыз.
Bosch Power Tools
Лазер қабылдағышын еш жағдайда суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Кәдеге жарату
Лазер қабылдағышын, керек-жарақтар мен орауыштарды
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату
орнына тапсыру қажет.
Лазер қабылдағышын және батареяларды
тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Қазақ | 83
1 609 92A 7LL | (02.05.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Lr 45 professional