Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 601 B22 503 Manual Original página 268

Ocultar thumbs Ver también para 0 601 B22 503:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
All manuals and user guides at all-guides.com
OBJ_BUCH-1128-004.book Page 268 Wednesday, April 15, 2015 4:58 PM
268 | Қaзақша
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (C суретін қараңыз)
– Сорғыш адаптерін 45 жоңқа шығатын жерге салыңыз
46.
– Шаң қабын 1 сорғыш адаптеріне 45 салыңыз бекітіңіз.
Шаң қабы мен сорғыш адаптер аралау кезінде әрекет
жасап тұрған аспап бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін сорғыш адаптерге 45 шаңсорғыш шлангін
(Ø 32 мм) қосу мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
(D1–D3 суреттерін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– 49 мен 50 бұрандаларын жинақтағы крест тәрізді
бұрауышпен 33 босатыңыз.
Бұрандаларды толық шығармаңыз.
– Бұғаттау тұтқышын 41 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 8 тірелгенше артқа қайырыңыз.
1 609 92A 19J | (15.4.15)
– Алты қырлы бұранданы 49 жинақтағы қондырмадөңбек
33 кілтпен бұрап шпиндель бұғаттауышын 40
тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауышын 40 басып ұстап, бұранданы
49 сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақ бұранда!).
– Аралық шеңбер 50 мен қысқыш фланецті 51 шешіңіз.
– Аралау дискісін 7 шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 52 орнатыңыз.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) тербелуден сақтайтын қаптама
көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланец 51, аралық шеңберді 50 және алты
қырлы бұранданы 49 орнатыңыз.
Шпиндель бұғаттауышын 40 тірелгенше басып алты
қырлы бұранданы 49 жинақтағы дөңбек кілтпен 33
сағат тіліне қарсы шам. 15–23 Н*м тарту бұрау
моментімен тартып қойыңыз.
– Бұғаттау тұтқышын 41 басып тербелуден сақтайтын
қаптаманы 8 төменге қайта басқарыңыз.
– 49 мен 50 бұрандаларын қайта берік бекітіңіз.
Пайдалану
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (E суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 26 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 5 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 26 босатыңыз.
– Тасымалдау сақтандырғышын 26 сыртқы толығымен
тартып 90°-ке бұраңыз. Тасымалдау сақтандырғышын
осы күйде бұғаттаңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
– Құлыптау бұрандасы 29 тартылған болса оны
босатыңыз. Манипуляторды толық артқа тартып
құлыптау бұрандасын қайта тартып бекітіңіз.
– Тереңдік тіреуішін 59 жоғарыға бұрап қойыңыз.
(„Тереңдікті шектеу тірегін реттеу" 271 бетінде
қараңыз).
– Аралау үстелін 16 бұғаттау үшін құлыптау басын 12
тартып қойыңыз.
– Тасымалдау сақтандырғышын 26 сыртқы толығымен
тартып 90°-ке бұраңыз. Тасымалдау сақтандырғышын
осы күйде бұғаттаңыз.
– Бұғаттау тұтқышына 41 басып манипуляторды
қолтұтқада 5 төменге тасымалдау сақтандырғышы
соңғы орнында тірелгенше қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading