қазақ
► Аккумуляторды ‑ 10 °C және
+ 50 °C температурасының
аумағында орнатыңыз және
сақтаңыз.
► Аккумуляторды сұйықтыққа
батыруға болмайды.
► Аккумуляторды кішкентай металл
бөліктерден алшақ ұстаңыз.
► Аккумуляторды жоғары қысымға
ұшыратпаңыз.
► Аккумуляторды қысқа толқындардың
әсеріне ұшыратпаңыз.
► Аккумуляторды химикаттар мен
тұздардан қорғаңыз.
4.5
Қауіпсіз күй
Аккумулятор, тасымалдау жүйесі,
байланыстырушы сым және аккумулятор
адаптері келесі шарттар орындалған кезде
қауіпсіз күйде болады:
– Аккумулятор, тасымалдау жүйесі,
байланыстырушы сым және аккумулятор
адаптері зақымдалмаған.
– Аккумулятор, тасымалдау жүйесі,
байланыстырушы сым және аккумулятор
адаптері таза және құрғақ.
– Аккумулятор жұмыс істейді және
өзгермеген.
– Тасымалдау жүйесі, байланыстырушы сым
және аккумулятор адаптері өзгермеген.
– Бұл аккумулятор мен тасымалдау жүйесіне
арналған түпнұсқалық STIHL керек-
жарақтары қоса беріледі.
– Құрал-жабдықтар дұрыс орнатылған.
Сақтандыру
■ Егер аккумулятор қауіпті күйде болса, ол
бұдан әрі дұрыс жұмыс істей алмайды.
Адамдар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған және жарамды
аккумулятормен жұмыс істеңіз.
► Зақымдалған немесе ақаулы
аккумуляторды қуаттамаңыз.
► Зақымдалмаған тасымалдау жүйесімен,
зақымдалмаған байланыстырушы
сыммен және зақымдалмаған
аккумулятор адаптерімен жұмыс
жасаңыз.
► Егер аккумулятор, тасымалдау жүйесі,
байланыстырушы сым немесе
аккумулятор адаптері лас немесе
дымқыл болса: аккумуляторды,
тасымалдау жүйесін, байланыстырушы
118
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
сымды және аккумулятор адаптерін
тазалап, құрғатыңыз.
► Аккумуляторды, тасымалдау жүйесін,
байланыстырушы сымды және
аккумулятор адаптерін өзгертпеңіз.
► Заттарды аккумулятордың немесе
аккумулятор адаптерінің тесіктеріне
салмаңыз.
► Аккумулятордың немесе аккумулятор
адаптерінің электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
► Аккумуляторды ашпаңыз.
► Осы аккумулятор мен осы тасымалдау
жүйесі үшін түпнұсқалық STIHL керек-
жарақтарын пайдаланыңыз.
► Құрал-жабдықтарды сипаттамаға сәйкес
орнату қажет, ол осы пайдалану
нұсқаулығында немесе осындай керек-
жарақтарға арналған пайдалану
нұсқаулығында бар.
► Тозған немесе бұзылған көрсеткіш
тақтайшаларды ауыстырыңыз.
■ Зақымдалған аккумулятордан сұйықтық
жылыстауы мүмкін. Егер сұйықтық теріге
немесе көзге тиіп кетсе, терінің немесе
көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
► Сұйықтықпен жанасудан аулақ болыңыз.
► Егер теріге тиіп кетсе: зақымдалған
аумақтарды сабындап, судың көп
мөлшерімен жуыңыз.
► Егер көзге тиіп кетсе: көзіңізді кемінде
15 минут бойы судың көп мөлшерімен
шайыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
■ Зақымдалған немесе жарамсыз
аккумулятор жағымсыз иіс шығаруы,
түтіндеуі немесе жануы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Егер аккумулятордан жағымсыз иіс
шықса немесе ол түтіндесе:
аккумуляторды арқаңыздан шешіп
алыңыз, аккумуляторды пайдаланбаңыз
және оны жанғыш материалдардан аулақ
ұстаңыз.
► Егер аккумулятор жанса: аккумуляторды
өрт сөндіргішпен немесе сумен сөндіріп
көріңіз.
Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу келесі
себептерге орай туындауы мүмкін:
– Байланыстырушы сым зақымдалған.
– Байланыстырушы сымның ашасы немесе
аккумулятор қосқышы зақымдалған.
– Аккумулятор адаптері зақымдалған.
0458-820-9901-A