Descargar Imprimir esta página

Bosch GLM 120 C Professional Manual Original página 240

Ocultar thumbs Ver también para GLM 120 C Professional:

Publicidad

OBJ_BUCH-3181-006.book Page 240 Thursday, April 12, 2018 9:20 AM
240 | Қaзақша
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Ескертпе: Аккумулятор жарты зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Ескертпе: Микро USB ұяшығы 16 микро USB кабелін 22
қосу үшін өлшеу штифті 8 қаптамасының астында
орналасқан. Қаптаманы ашу үшін іске қосу пернесін 7
басыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторының g төменгі
сегменті жыпылықтаса, тек бірнеше ғана өлшеулерді
орындау мүмкін. Аккумуляторды зарядтаңыз.
Аккумулятор зарядтау күйі индикаторының g сегменті
айналасындағы рамкасы жыпылықтап тұрса ешқандай
өлшеулерді орындап болмайды. Өлшеу құралын тек қысқа
уақыт ғана пайдалану мүмкін (мысалы өлшеу көлемі
тізімінің жазуын тексеру үшін). Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Өлшеу құралын жинақтағы микро USB кабелімен 22
зарядтау құралына 23 қосыңыз. Зарядтау құралын 23
розеткаға салыңыз. Зарядтау әдісі басталды .
Аккумулятор зарядтау күйі индикаторы g зарядтау дамуын
көрсетеді. Зарядтау күйінде сегменттер дәйекті түрде
жыпылықтайды. Аккумулятор зарядтау күйі
индикаторының g сегменттері көрсетілсе аккумулятор
толық зарядталады.
Ұзақ уақыт пайдаланбаса зарядтау құралын тоқ желісінен
ажыратыңыз.
Қосымша аккумуляторды USB портында да зарядтауға
болады. Ол үшін өлшеу құралын микро USB кабелімен
USB портына қосыңыз. USB пайдалануда (зарядтау,
деректерді тасымалдау) зарядтау уақыты тыс ұзақ болуы
мүмкін.
Өлшеу құралын зарядтау кезінде пайдалану мүмкін емес.
Bluetooth® зарядтау кезінде өшеді. Басқа құралдармен
бар байланыстар тоқтайды. Бұл жағдайда деректер
жоғалуы мүмкін.
 Зарядтау құралын сыздан сақтаңыз!
Өлшеу құралындағы аккумуляторды оңтайлы
пайдалану туралы нұсқаулар
Өлшеу құралын тек рұқсат етілген температура аймағында
сақтаңыз, "Техникалық мәліметтер" қараңыз. Өлшеу
құралын жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың тозығанын және Bosch клиенттік қызмет
арқылы ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
1 609 92A 4F4 | (12.4.18)
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
 Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
 Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температуралық ауытқулары жағдайында алдымен
өлшеу құралының температурасын дұрыс
пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе
температура тербелулері кезінде өлшеу құралының
қуаты (жету қашықтығы, дәлдігі) төменделуі мүмкін.
 Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек ("Қашықтықты
өлшеудің дәлдігін тексеру", 246 бетін қараңыз).
 Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған.
Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысаоы
ұшақтарда немесе емханаларда, сақтау керек.
Қосу/өшіру
Жұмыс кезінде камера , қабылдау линзасы 20 мен сенсор
лазер сәулесінің шығысы 18 мен камера 19 жабылмауын
немесе қапталмауына көз жеткізіңіз, әйтпесе дұрыс
өлшеулерді орындап болмайды.
– Өлшеу құралы мен лазерді қосу үшін алғы немесе
бүйірлік 2 [
] өлшеу пернесіне қысқа басыңыз
пернесін басыңыз.
– Өлшеу құралын лазерсіз қосу үшін қосу-өшіру-жою
пернесін 9 [
] қысқа басыңыз пернесін басыңыз.
 Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазерді өшіру үшін қосу-өшіру-жою пернесін 9 [
пернесін басыңыз.
Камераны өшіру үшін камера пернесін 10 басыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру-жою 9 [
пернесін басып ұстаңыз.
Өлшеу құралын өшіргенде жадда тұрған мәндер мен
құрылғы параметрлері сақталады.
Өлшеу әдісі
Қосудан соң өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында
тұрады. Басқа өлшеу функциясы үшін 13 [Func] пернесін
басыңызКеректі өлшеу функциясын 4 [+] пернесімен
немесе 11 [–] пернесімен таңдаңыз ("Өлшеу
функциялары" 242 бетінде қараңыз). Өлшеу функциясын
13 [Func] пернесімен немесе 2 [
белсендіріңіз пернесін басыңыз.
]
]
] өлшеу пернесімен
Bosch Power Tools

Publicidad

loading