Descargar Imprimir esta página

Bosch LR Professional 60 Manual Original página 165

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
– Жарық диодты бағыт индикаторлары (LED): 3
жарық диодты бағыт индикаторын (2), (4) және (3)
жарықтығы бойынша өзгертуге немесе өшіруге
болады. Жарық диодтары таңдалған реттеуде тиісінше
жанады.
– Дисплей жарығы (LIT): дисплей жарығын қосуға
(жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге
(қызыл түсті жарық диоды жанады) болады.
– Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы
(MEM): лазер сәулесінің қабылдау өрісінен шығу
бағытының индикаторын қосуға (жасыл түсті жарық
диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық
диоды жанады) болады.
– Орталық функциялар (CF/CL) (LR 65 G): CenterFind
(CF) режимі мен CenterLock (CL) режимінің бірін
таңдауға болады. Ағымдағы режим мәтіндік
индикаторда (e) көрсетіледі.
Лазер қабылдағышын өшірген кезде, дисплей
жарықтығының реттеуінен басқа барлық реттеулер жадқа
сақталады.
Функциялар
CenterFind режимі (C суретін қараңыз)
CenterFind режимінде ротациялық лазер ротациялық
бастиекті алға-артқа жылжыту арқылы лазер сәулесін
лазер қабылдағышының ортаңғы сызығымен автоматты
түрде туралауға әрекеттенеді.
Лазер сәулесін ротациялық лазердің көлденең күйінде
ротациялық лазердің X осіне, Y осіне немесе екі осіне
қатысты бір уақытта туралауға болады (қараңыз
„CenterFind режимінде еңісті есептеу
(D суретін қараңыз)", Бет 166). Ротациялық лазердің тік
күйінде тек Y осі бойынша туралауға болады.
CenterFind режимін іске қосу:
Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышын, лазер
қабылдағышы ротациялық лазердің X осінің немесе Y
осінің бағытында орналасатындай етіп орнатыңыз. Лазер
қабылдағышын, қажетті ось қабылдау өрісіне (1) тік
бұрышта орналасатындай етіп туралаңыз.
Егер лазер сәулесін екі ось бойынша туралау қажет
болса, ротациялық лазерге қосылған әр лазер
қабылдағышын X және Y осьтерінің бағытында
орналастырыңыз. Әр лазер қабылдағышы ротациялық
Bosch Power Tools
лазердің ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында
орналасуы тиіс.
Ротациялық лазерді ротациялық жұмыс режимінде
қосыңыз.
LR 65 G: реттеу мәзірінде орталық функцияны
CenterFind (CF) режиміне қою керек. Ротациялық
лазердің екі осі бойынша туралаған кезде, бұл лазер
қабылдағыштарының екеуіне де қолданылады.
CenterFind режимін X осі үшін іске қосу үшін
CenterFind режимінің түймесін (17) ұзақ басыңыз
немесе CenterFind режимінің түймесін (17) X осінің
түймесімен (16) бірге ұзақ басыңыз.
CenterFind режимін Y осі үшін іске қосу үшін
CenterFind режимінің түймесін (17) Y осінің
түймесімен (15) бірге ұзақ басыңыз.
Егер лазер сәулесін екі ось бойынша бір уақытта туралау
қажет болса, CenterFind режимін әр лазер
қабылдағышында бөлек іске қосу қажет болады.
CenterFind режимін іске қосқаннан кейін, ротациялық
лазердегі ротациялық бастиек алға-артқа жылжиды. Іздеу
барысында мәтіндік индикаторда (e) CFX (X осі) немесе
CFY (Y осі) пайда болады.
Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) лазер
қабылдағышының ортаңғы сызығының биіктігінде кірсе,
ортаңғы сызық индикаторы (h), сондай-ақ мәтіндік
индикаторда (e) XOK (X осі) немесе YOK (Y осі) пайда
болады. Ротациялық лазерде табылған еңіс көрсетіледі.
CenterFind режимі автоматты түрде аяқталады.
CenterFind режимін доғару:
CenterFind режимін доғару үшін CenterFind режимінің
түймесін (17) басып тұрыңыз.
Ақауларды жою:
Егер лазер сәулесі лазер қабылдағышының ортаңғы
сызығын қайыру диапазонының ішінде таба алмаса,
мәтіндік индикаторда (e) ERR хабары пайда болады және
барлық жарық диодты бағыт индикаторлары жанады.
Ақаулар туралы хабарларды жабу үшін ротациялық
лазердегі және лазер қабылдағышындағы кез келген
түймені басыңыз. Ротациялық лазерді және лазер
қабылдағышын, ол ±8,5% шамасындағы қайыру
диапазонында орналасатындай етіп қайта
орналастырыңыз. Лазер сәулесі қабылдау өрісінен (1)
көлденеңінен өтуі үшін, лазер қабылдағышы X осі немесе
Y осі бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін
CenterFind режимін қайтадан іске қосыңыз.
LR 65 G: ротациялық лазердің екі осін де лазер
қабылдағышымен туралау қажет болса, лазер
қабылдағыштарының екеуінде де бірдей орталық
функция реттелуі тиіс. CenterFind режимі мен
CenterLock режимін қиыстыру мүмкін емес.
Бір осьте CenterLock режимі әлдеқашан реттелген және
басқа осьте CenterFind режимі іске қосылған болса,
мәтіндік индикаторда (e) ERR және CL кезектесіп пайда
болады. Әр лазер қабылдағышында CenterFind режимін
орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз.
Қазақ | 165
1 609 92A 7M6 | (12.05.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Lr professional lr 65 g