көлденеңінен өтуі үшін, лазер қабылдағышы X осі немесе
Y осі бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін
CenterLock режимін қайтадан іске қосыңыз.
Ротациялық лазердің екі осін де лазер қабылдағышымен
туралау қажет болса, лазер қабылдағыштарының
екеуінде де бірдей орталық функция реттелуі тиіс.
CenterLock режимі мен CenterFind режимін қиыстыру
мүмкін емес.
Бір осьте CenterFind режимі әлдеқашан реттелген және
басқа осьте CenterLock режимі іске қосылған болса,
мәтіндік индикаторда (e) ERR және CF кезектесіп пайда
болады. Әр лазер қабылдағышында CenterLock режимін
орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз.
Стробоскопты қорғайтын сүзгілер
Лазер қабылдағышында стробоскоп шамдарына
арналған электрондық сүзгілер бар. Сүзгілер, мысалы,
құрылыс машиналарының ескерту шамдарынан
туындайтын ақаулықтардан қорғайды.
Пайдалану нұсқаулары
Ватерпаспен туралау
Ватерпастың (7) көмегімен лазер қабылдағышын тігінен
(перпендикуляр бойынша) туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Белгілеу
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта
белгісінде (9) қабылдау өрісінің (1) ортасынан өтетін
лазер сәулесінің орналасуын белгілеуге болады.
Ақаулықтарды жою
Мәтіндік индикатор
Мәселе
(e)
PNK
Bluetooth® арқылы GRL 600 CHV
немесе GRL 650 CHVG ротациялық
лазерімен байланыс орнату мүмкін
болмады
ERR
GRL 600 CHV немесе GRL 650 CHVG
ротациялық лазерін калибрлеу
мүмкін болмады
CenterFind режимі немесе
CenterLock режимі сәтсіз аяқталды
LR 65 G:
ERR және CL
CenterFind режимін, ротациялық
кезектеседі
лазер әлдеқашан CenterLock
режимінде жұмыс істеп тұрғанда іске
қосу мүмкін емес.
ERR және CF
CenterLock режимін, ротациялық
кезектеседі
лазер әлдеқашан CenterFind
режимінде жұмыс істеп тұрғанда іске
қосу мүмкін емес.
Bosch Power Tools
Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен
(көлденең лазер сәулесінде) немесе көлденеңінен (тік
лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе
белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді.
Ұстағышпен бекіту (E суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ұстағыштың (23) көмегімен
өлшегіш рейкаға (25) (керек-жарақ) да, макс. ені 65 мм
құрайтын басқа да көмекші құралдарға бекітуге болады.
Ұстағышты (23) бекіткіш бұрандамен (26) лазер
қабылдағышының артындағы бекіткішке (11) бұрап
бекітіңіз.
Ұстағыштың айналмалы түймесін (24) жіберіңіз,
ұстағышты, мысалы, өлшегіш рейкаға (25) жылжытып,
айналмалы түймені (24) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Ватерпастың (21) көмегімен ұстағышты (23) және лазер
қабылдағышын көлденеңінен туралауға болады. Қисық
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық (22) ортаңғы
белгімен (9) бірдей биіктікте орналасқан және лазер
сәулесін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Магнитпен бекіту (F суретін қараңыз)
Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын
магниттердің (10) көмегімен болат бөліктерге бекітуге
болады.
Шешімі
Ақау туралы хабарды жабу үшін ротациялық лазердегі
қосу/өшіру түймесін қысқаша басыңыз. Байланыс
орнату әрекетін қайтадан бастаңыз.
Байланыс орнату мүмкін болмаса, Bosch қызмет
көрсету орталығына жолығыңыз.
GRL 600 CHV немесе GRL 650 CHVG пайдалану
бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз және
ұстаныңыз.
Ақау туралы хабарды жабу үшін кез келген түймені
басыңыз. Функцияны қайта іске қоспас бұрын
ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының
позициясын тексеріңіз.
Әр лазер қабылдағышында CenterFind режимін
орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз.
Әр лазер қабылдағышында CenterLock режимін
орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз.
Қазақ | 167
1 609 92A 7M6 | (12.05.2022)