Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS 24-230 Professional Manual Original página 240

Ocultar thumbs Ver también para GWS 24-230 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
240 | Қазақ
Монтаждау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қорғаныш аспапты орнату
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғайтын қаптаманы (7) шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (7) күйін жұмыс күнінің
талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (7) бекіту
бұрандасымен (6) бұғаттаңыз.
Қорғағыш қаптаманы (7) оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Кесу үшін әрдайым кесуге арналған қорғаныш
u
қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған
қорғаныш қамтаманы (7) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен (9) бірге пайдаланыңыз.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (8) сонымен бірге тегістеуге арналған
қорғағыш қаптама (7) ретінд де орнатылады.
Кесуге арналған қаптама
Кесуге арналған қаптаманы (9) ажарлауға арналған
қорғаныш қаптамаға (7) монтаждаңыз (A суретін
қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (9)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7) кигізіңіз
(➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (7) қайтадан мықтап
басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) иінтіректі кері
қайырыңыз (➊). Қаптаманы (9) қорғаныш қаптамадан
(7) тартып алыңыз (➋).
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш
қаптама (25) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен
бірдей орнатылады.
Қосымша тұтқаны (5)/(4) сорғыш қаптамадағы қапсырма
арқылы редуктор корпусына бекіту арқылы электр
құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады.
Бағыттауыштары бар сорғыш қаптамаға (25) арнайы
Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш
шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы
бекіткіш саңылауына енгізіңіз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек-
жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс
электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл
зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін
(қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына
1 609 92A 9HP | (25.03.2024)
байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ
шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін
антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ)
пайдалануға кеңес береді.
Қол қорғағышы
Резеңке ажарлау тәрелкесімен (20) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/
алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін
әрдайым қол қорғанысын (19) киіп жүріңіз.
Қол қорғанысын (19) қосымша тұтқамен (5)/(4) бекітіңіз.
Стандарты қосымша тұтқа/діріл басқыш қосымша
тұтқа
Қосымша тұтқаны (5)/(4) жұмыс тәсіліне байланысты
редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап
бекітіңіз.
Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз: (5)/(4).
Қосымша тұтқа (5)/(4) зақымдалған жағдайда,
u
электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз.
Қосымша тұтқаға (5)/(4) ешқандай өзгерістер
жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (4)
дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (18) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (корпустағы айналу бағытының көрсеткісін
қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Нұсқау: байланыстырылған ажарлағыш және кескіш
дискілерді жеткізілім жиынтығындағы тірек
фланецінің (10) және қысқыш гайканың (14) немесе
жылдам қысқыш гайканың (15) көмегімен монтаждаған
кезде аралық төсемдерді пайдалану қажет емес.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading