Descargar Imprimir esta página

Bosch 1951242 Manual Original página 121

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (C суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронындағы құралды ауыстыру
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (D суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
енгізіңіз.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (16) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені (15) RELEASE, AUF белгісіне қарай бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты ауыстырмалы жылдам
қысқыш бұрғылау патронына (1) енгізіңіз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (16) берік ұстаңыз да, алдыңғы
төлкені (15) GRIP, ZU белгісіне қарай бұраңыз
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені (15) көрсеткі бағытына
қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін
жабуға болады.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (7) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (D
суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (16) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені (15) RELEASE, AUF белгісіне қарай бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Bosch Power Tools
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (7) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін соғуды/айналуды
тоқтату қосқышын (7) қажетті күйге бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (7) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (10) электр
құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(10)
күйіне тірелгенше бұраңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (10)
күйіне тірелгенше бұраңыз.
Қазақ | 121
1 609 92A 70G | (29.03.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 4-32 dfr professional045577601219690121968