3. Құрылғылардың сипаты
1 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
2 Қозғалтқышты тоқтату тұтқасы
3 Қосу түймешігі
4 Айналмалы тұтқа
5 Шоғырсымды ұстаушы
6 Бас тұтқаның ортаңғы бөлігі
7 Шөп жинағыш
8 Лақтырманың қақпағы
9 Бас тұтқаның төменгі бөлігі
10 Тез əрекетті бекіту тетігі
11 Артқы тасымалдау тұтқасы
12 Артқы дөңгелек
13 Алдыңғы дөңгелек
14 Корпус
15 Жұмыс тереңдігінің айналмалы
тұтқасы
16 Алдыңғы тасымалдау тұтқасы
17 Машина нөмірі жазылған төлқұжат
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
оқуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
0478 670 9905 A - KK
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
1
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару элементтерімен жəне
құрылғыны пайдалану ережелерімен
танысып шығыңыз.
Құрылғыны тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне құрылғыны
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданысқа енгізер алдында
пайдаланушы тəжірибелі маманға
жүгінуі керек. Сатушы немесе басқа
маман пайдаланушыға құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану ережелерін
түсіндіруі тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Осы құрылғыны мұқият пайдаланған
кезде де əрдайым қалдық тəуекелдер
пайда болуы мүмкін.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Балалар, дене, сезу не ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдарға немесе
нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады.
Балалар мен 16 жасқа толмаған
жасөспірімдерге құрылғыны
пайдалануға рұқсат бермеңіз. Жергілікті
заңнама пайдаланушының ең төмен
жасын белгілеуі мүмкін.
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дəрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің əсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Ескерту! Аталмыш құрылғы
жұмыс барысында белгілі бір
жағдайларда белсенді немесе
бейтарап медициналық
имплантаттарға əсер етуі мүмкін
электрмагниттік өрісті тудырады.
Мұндай имплантаттары бар
адамдар машинаны
қолданбастан бұрын міндетті
түрде дəрігерден немесе
имплантаттың өндірушісінен
кеңес алуы тиіс.
Мақсатына сай қолдану:
Құрылғы тек қана қопсытуға жəне
көгалды тырмалауға арналған. Оны
басқа мақсатпен қолдануға болмайды,
себебі бұл адам үшін қауіпті жəне
жабдық үшін зиянды болуы мүмкін.
473