8. Жұмыс нұсқаулары
Жарақат алу қаупі бар!
Кабель орамдарын бірден
тарқатыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеген кезде
жалғастырушы шоғырсымды
артыңызда ұстаңыз.
Жалғастырушы шоғырсымдар
қопсыту/тырмалау барысында
кездейсоқ зақымдалуы мүмкін
немесе оларға сүрініп қалуға
болады. Сол себепті олар құлап
қалу қаупіне ие болады.
Сондықтан өңделетін көгалда
жалғастырушы шоғырсым
əрқашан көрініп тұратындай етіп
жұмыс істеу керек.
8.1 Қопсыту бойынща нұсқаулар
Көгал жиі қопсытудың арқасында
кеберсушілікке, ыстыққа жəне суыққа
төзімдірек болады. Жыл сайынғы
қопсыту шөпті ауруларға төзімдірек
етеді, бұған қоса, топырақ тығыздау
болады жəне əрсіз беттер (доп ойнау,
кештер, мерекелер нəтижесінде пайда
болған) кетеді. – Нəтижесінде тегіс,
жасыл шөп өседі.
Уақыт:
Жыл сайынғы қопсыту үшін ең тамаша
уақыт көктем болып табылады.
Егер көгал жылына бір реттен көбірек
аэратормен өңделсе, бұл жұмыстарды
жаздың ортасында жəне күздің
ортасында орындамаған жөн.
482
Шөпке қопсытудан кейін қалпына келу
үшін екі апта керек. Сондықтан, көгалды
көктемгі өсу кезінде қопсыту оңтайлы
болып табылады.
Қатты өсіп кеткен көгалды жылына екі
рет өңдеу керек: бірінші рет – көктемде,
ал келесі рет – күзде.
Көгалды дайындау:
Қопсыту алдында шөпті шамамен 2-
3 см биіктікке қырқыңыз.
Көгал неғұрлым қысқа етіп кесілген
болса, ол соғұрлым жақсы
қопсытылады.
Көгал жаңадан тұқым себілген, ылғалды
немесе тым құрғақ болмауы керек.
Оңтайлы жұмыс нəтижесіне қол
жеткізу бойынша кеңестер:
● Топырақты тек шөп тамырларын
зақымдамайтындай етіп тырнау
керек. (
10.5)
● Құрылғыны түзу, параллель
сызықтар бойымен жүргізіңіз.
● Біркелкі жұмыс жылдамдығын
қамтамасыз етіңіз.
● Бір орында ұзақ тұрмаңыз.
● Қатты басылған көгалды екінші рет
бірінші жолға кесе-көлденеңінен
қопсытыңыз.
Қопсытудан кейін:
● Көгалдан қопсытудан пайда болған
материалды мұқият кетіріңіз.
● Көгалға тыңайтқыш себіңіз жəне
ықтимал бос орындарды қосымша
өңдеңіз.
● Көгалды жақсылап суарыңыз.
8.2 Тырмалау бойынша нұсқаулар
Қопсытуға қоса, біркелкі, жақсы күйдегі
бет үшін көгалды тырмалау да
маңызды болып келеді.
Аэратор білігімен өңдеу арқылы
көгалдың үстіңгі қабаты сыртқа шығады.
Осылайша ауа мен құнарлы заттар
топырақтан қайтадан жақсы
шығарылады жəне ылғалдың
жиналуына жол берілмейді.
Уақыт:
Қопсытуға қарағанда, тырмалауды
үстіңгі беттің тығыздалуына жол бермеу
үшін жыл бойынша мұқият орындауға
болады.
Көгалды дайындау:
Тырмалау алдында шөпті шамамен 2-
3 см биіктікке қырқыңыз.
Көгал жаңадан тұқым себілген, ылғалды
немесе тым құрғақ болмауы керек.
Оңтайлы жұмыс нəтижесіне қол
жеткізу бойынша кеңестер:
● Жарамды жұмыс тереңдігін
таңдаңыз. (
10.5)
● Құрылғыны түзу, параллель
сызықтар бойымен жүргізіңіз.
● Біркелкі жұмыс жылдамдығын
қамтамасыз етіңіз.
● Бір орында ұзақ тұрмаңыз.
● Қатты басылған көгалды екінші рет
бірінші жолға кесе-көлденеңінен
тырмалаңыз.
Тырмалағаннан кейін:
● Көгалдан өсімдік қалдықтарын
мұқият кетіріңіз.
● Көгалды жақсылап суарыңыз.
0478 670 9905 A - KK