Техникалық Қызмет Көрсету, Тазалау, Жөндеу Жəне Сақтау - Viking LE 240 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 107
– бұғатталған аэратор блогын/аэратор
білігін босату немесе лақтырманың
науасындағы қоқыстарды кетіру
алдында,
– құрылғыны тексеру, тазалау немесе
басқа жұмыстарды орындау
алдында (мысалы, бас тұтқаны
жинау),
– бөгде заттармен қақтығыс
анықталған жағдайда. Құрылғыны
қайтадан іске қосу жəне құрылғымен
жұмыс істеу алдында құрылғыдағы
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз
жəне қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
– құрылғы қалыпсыз түрде дірілдеген
жағдайда. Мұндай жағдайда дереу
тексеру қажет болады.
Ақаулы бөлшектерден жарақат
алу қаупі туындайды!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Құрылғыны, əсіресе, аэратор
блогы/аэратор білігі (кесетін
десте, пышақ/серіппелі тістер,
ұстағыш жəне бұрандалы
қосылымдар) зақымдалған
немесе майысқан жағдайда
қолдануға болмайды.
Қалыпсыз діріл немесе бөгде заттармен
қақтығыс орын алған жағдайда,
құрылғыда, əсіресе, аэратор
блогында/аэратор білігінде (кесетін
десте, пышақ/серіппелі тістер, ұстағыш
жəне бұрандалы қосылымдар), корпус,
лақтырманың қақпағы мен шөп
жинағышта зақымдардың жəне босаған
бөліктердің бар-жоғын тексеріңіз жəне
құрылғыны қайта іске қоспастан жəне
қолданбастан бұрын қажетті жөндеу
жұмыстарын орындаңыз. Қандай да
478
кеңестер қажет болған жағдайда,
барлық қажетті жұмыстарды кəсіпқой
маманға орындауға беріңіз – VIKING
компаниясы VIKING делдалдарын
ұсынады.
4.7 Техникалық қызмет көрсету,
тазалау, жөндеу жəне сақтау
Құрылғыда кез келген
жұмыстарды орындау
алдында, құрылғыны орнату
немесе тазалау алдында немесе
жалғастырушы шоғырсымның оралып
қалғанын немесе зақымдалғанын
тексеру алдында, құрылғыны өшіріңіз,
желілік ашаны тартып шығарыңыз жəне
пышақ/серіппелі тістер тоқтағанша
күтіңіз.
Жабық жерде тоқтата тұру, техникалық
жұмыстарды жүргізу жəне құрылғыны
тазалайтын жұмыстарды бастамас
бұрын, оған толықтай сууға уақыт
беріңіз.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. (
Жиналған қалдықты ағаш таяқпен
кетіріңіз. Құрылғының төменгі бетін
қылшақпен жəне сумен жуыңыз.
Қысым астында тазалауға немесе
ағынды сумен жууға тыйым салынады
(мысалы, бақшалық шлангының
көмегімен).
Қатты жуғыштарды пайдалануға тыйым
салынған. Бұл пластиктің немесе
металдың зақымдануына əкеліп соғуы
мүмкін, ал ол VIKING құрылғысы
жұмысының қауіпсіздігіне əсер етеді.
Өрт қаупін болдырмау үшін,
құрылғының бүйіріндегі желдету
саңылауларының аймағын,
мысалы, шөп, сабан, мүк, қураған
жапырақ немесе ағып кеткен майдан
таза күйінде ұстау керек.
Техникалық қызмет көрсету:
Осы нұсқаулықта көрсетілген барлық
əрекеттерді орындаңыз, қалған басқа
жұмыстардың барлығын делдал
жасауы тиіс.
Қажетті құралдар мен білім болмаған
кезде дереу делдалға хабарласыңыз.
VIKING компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жəне жөндеу жасау үшін
тек ресми делдалдарға жүгінуді
ұсынады.
VIKING компаниясы тұрақты оқыту
курстарын өткізіп тұрады жəне ресми
делдалдар үшін техникалық ақпарат
ұсынады.
Бұл құрылғы үшін тек VIKING
компаниясы рұқсат еткен құралдарды,
бөлшектер мен қосымша аспаптарды
ғана пайдаланыңыз, немесе дəл
осылай техникалық орындалған. Олай
болмаған күнде адамдарға зақым
11.2)
келтіру немесе ұсақтағыштың бұзылу
қаупі бар. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
VIKING компаниясының өзіндік
құралдары, құрамдас бөліктері мен
бөлшектері өз қасиеттері бойынша
құрылғы үшін ең оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. VIKING компаниясының өзіндік
бөлшектерін ондағы нөмір, «VIKING»
атауы бойынша анықтауға болады жəне
қажет болғанда бөлшектің коды
бойынша. Ұсақ бөлшектерде тек
бөлшек нөмірі ғана болуы мүмкін.
0478 670 9905 A - KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido