Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Қосымша Нұсқаулар - Hilti SJT 6 Manual Del Usuario

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 17
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Құрылғыны тек техникалық мінсіз күйде ғана қолданыңыз.
▶ Аспапты бейімдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
▶ Аспапты қолдану барысында арнайы қорғаныш көзілдірік, құлақ қорғанысын және қорғаныш қолғап
киіп жүріңіз.
▶ Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз. Алмалы-салмалы аспапқа
тию кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі күшіндегі шаңнан қорғау нормаларына
сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
▶ Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралдарымен дұрыс жұмыс істеу және дұрыс пайдалану
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз. Тартылмалы аспаптармен немесе қыспақпен бұрап бекітілген
өңделетін зат қолмен бекіткенге қарағанда берік болып тұрады.
Жұқа араларға арналған қауіпсіздік бойынша арнайы нұсқаулар
▶ Аралау кезінде өнімді әрдайым денеден ары бағыттаңыз.
▶ Қолыңызды ешқашан ара төсемінің алдына немесе үстіне қоймаңыз.
▶ Белгісіз астыңғы бетте араламаңыз және кескіш төсемді үстінен және астынан бөгеттерден бос
ұстаңыз.
▶ Аралау кезінде дайындаманың астын ұстамаңыз.
*2150300*
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
2150300
Қазақ
109

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido