Metabo BS 14.4 Manual Original página 68

Ocultar thumbs Ver también para BS 14.4:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
kk
ҚАЗАҚША
Өнімділік төмендеген жағдайда аккумуляторды
қайта зарядтаңыз.
Оңтайлы сақтау температурасы 10°C және 30°C
аралығында жатады.
Қуаттылық және сигнал индикаторы (13) бар
литий-иондық аккумуляторда (жабдықталуына
байланысты)
- Түймені (14) басыңыз да, заряд деңгейі жарық
диодты шамдар арқылы көрсетіледі.
- Жарық диодты шам жыпылықтаса, бұл
аккумулятор зарядының толығына жуық
таусылғанын және қайта зарядтау қажеттілігін
білдіреді.
Аккумуляторды шығарып алу, орнату
Шығарып алу: аккумуляторды құлыптан босату
түймесін (11) басып, аккумуляторды (12) алға
қарай тартып шығарыңыз.
Орнату: аккумуляторды (12) тірелгенше
жылжытыңыз.
6.3
Айналу бағытын, тасымалдау
қорғанысын (қосу құлпын) реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7)
қозғалтқыштың тоқтатылған күйінде ғана
қосыңыз!
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (айналу
бағытын реттеу, тасымалдау қорғанысы) (7)
қосыңыз.
2-бетті қараңыз:
R = оң жаққа айналу орнатылған
L = сол жаққа айналу орнатылған
0 = ортаңғы күй: тасымалдау қорғанысы
(қосылудан бұғаттау) орнатылған
6.4
Беріліс сатысын таңдау
1. қадам (төмен айналу жиілігі,
1
2
аса жоғары айналу жиілігі, көбінесе бұрап
бекітуге арналған)
2. қадам (жоғары айналу жиілігі, көбінесе
2
бұрғылауға арналған)
6.5
Құрылғыны айналу моментін шектеу,
бұрап бекіту, бұрғылау, соққымен
бұрғылау үшін реттеу
BS белгісі бар аспаптар...:
1...20 = Айналу моментін (айналу моментінің
шектегішімен) патронды (2) айналдыру
арқылы реттеу - аралық позициялар да
болуы мүмкін.
= Бұрғылауды патронды (2) айналдыру
арқылы реттеу (макс. айналу моменті,
айналу моментінің шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
SB белгісі бар аспаптар...:
= Бұрап бекітуді патронды (3)
айналдыру арқылы реттеу
ЖӘНЕ
айналу моментін (айналу моментінің
шектегішімен) патронды (4) айналдыру
68
арқылы реттеу - аралық позициялар да
болуы мүмкін.
= Бұрғылауды патронды (3) айналдыру
арқылы реттеу (макс. айналу моменті,
айналу моментінің шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
= Соққымен бұрғылауды патронды (3)
айналдыру арқылы реттеу (макс.
айналу моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
6.6
Жұмыс құралын ауыстыру
Бұрғылау патронын ашу:
Бұрғылау патронын (1) сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Жұмыс құралын тарту:
Бұрғылау патронын ашып, құралды
мүмкіндігінше терең орнатыңыз. Бұрғылау
патронын (1) құрал берік тартылғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Құрал білігі
жұмсақ болған жағдайда қысқа уақыт
бұрғылағаннан кейін қосымша тарту керек.
6.7
Электрлік құралды қосу, өшіру, айналу
жиілігін реттеу
Аспапты қосу үшін шүріппелі ауыстырып-
қосқышты (8) басыңыз. Айналу жиілігін
шүріппелі ауыстырып-қосқышты басу арқылы
өзгертуге болады.
6.8
Quick жылдам ауыстыру жүйесі бар
бұрғылау патроны (BS 18 Quick, BS 14.4
Quick үлгілерінде)
Бөлшектеу: 2-беттегі A суретін қараңыз.
Бұғаттау сақинасын алға жылжытыңыз (a) және
бұрғылау патронын алға тартыңыз (b).
Бекіту: Бұғаттау сақинасын алға жылжытыңыз
және бұрғылау патронын бұрғылау шпинделіне
тірелгенше итеріңіз.
6.9
Бұрғылау патроны (BS 14.4, BS 18,
SB 18 үлгілерінде)
2-беттегі B суретін қараңыз.
Сақтандырғыш бұранданы бұрап шығарыңыз.
Назар аударыңыз: солға қарай бұрау керек!
Бұрғылау патронын керілген алты қырлы гайка
кілтін резеңке балғамен сәл соққылау арқылы
босатып, бұрап шығарыңыз.
Бұрап бекіту логика бойынша әрекеттің кері
реттілігімен орындалады.
7. Керек-жарақтар
Metabo немесе CAS- (Cordless Alliance System)
аккумуляторлары мен керек-жарақтарының
түпнұсқасын ғана пайдаланыңыз.
4-бетті қараңыз.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido