Қызмет Көрсету - Hilti WSC 85 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para WSC 85:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
5 Қызмет көрсету
5.1 Ара төсемін бөлшектеу
ЕСКЕРТУ
Өрт қаупі Ыстық құрал, қыспа фланец не қыспа болттан және өткір ара төсемінің жиектерінен
болатын қауіп.
▶ Ауыстырылатын аспапты ауыстырғанда қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз.
1. Аспапты тұғыр қабырғаларына қойыңыз.
2. Ара шпинделін блоктау үшін, әрдайым бір қолыңызбен шпиндель бекіткішіндегі түймені басып
тұрыңыз.
3. Мотор қақпағының астындағы фланецті бұранданы ішкі алты қырлы кілтпен босатыңыз.
4. Реттеу иінтірегінің көмегімен кесу тереңдігін 0 күйіне орнатыңыз.
5. Ішкі алты қырлы кілт көмегімен бұранданы сағат бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
6. Қыспа фланецті алып тастаңыз.
7. Қайырмалы қоршауды ашыңыз.
8. Қайырмалы қаптаманы берік ұстаңыз.
9. Ара төсемін шығарыңыз.
5.2 Ара төсемін орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. Жарамсыз немесе қате орнатылған ара төсемдері араға зақым келтіруі
мүмкін.
▶ Тек осы араға арналған төсемдерді қолданыңыз. Міндетті түрде ара төсеміндегі айналу
бағыты көрсеткісіне назар аударыңыз.
1. Аспапты тұғыр қабырғаларына қойыңыз.
2. Ара шпинделін блоктау үшін, әрдайым бір қолыңызбен шпиндель бекіткішіндегі түймені басып
тұрыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге енгізіңіз.
4. Бұранданы бекемдеңіз.
5. Қыспа фланецтің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Нұсқау
Бөлетін пышақтың қалыңдығы ара төсемінің кесу енінен азырақ және дискінің орталық бөлігінің
қалыңдығынан кем дегенде тең болуы керек.
A қашықтығы 6 мм-ден (0,2 дюйм) кем болуы тиіс.
5.3 Кесу тереңдігін орнату
1. Бекіткішті босатыңыз.
2. Кесу тереңдігін кесу енін реттейтін иінтірекпен орнатыңыз.
◁ Кесу тереңдігі кесу тереңдіктерінің шкаласында көрсетіледі.
Нұсқау
Кесу жиегі таза болуы үшін, кесу тереңдігі 2 мм қосылған материал қалыңдығына сәйкес
болуы керек.
3. Бекіткішті бекітіңіз.
5.4 Кесу бұрышын орнату
1. Тірек тақтасынан жоңқаны кетіріңіз.
2. Қыспа бұранданы босатыңыз.
3. Тірек тақтасын қалаулы кесу бұрышына бұраңыз.
◁ Кесу бұрышы кесу бұрыштарының шкаласында көрсетіледі.
4. Қыспа бұранданы бекітіңіз.
110
Қазақ
Printed: 19.08.2016 | Doc-Nr: PUB / 5071332 / 000 / 03
2
3
4
5

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido