MSA F2 X-TREM Manual De Instrucciones página 145

Ocultar thumbs Ver también para F2 X-TREM:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
Техникалық қызметті оқытылған техникалық маман көрсетеді
Тек арнайы оқытылған адамдар ғана тұрақты түрде техникалық қызмет көрсетуі керек.
Ескерту!
Кез келген зақымданған бөлшектерді тек MSA бөлшектерімен ауыстырыңыз, себебі осы
түпнұсқа бөлшектер ғана мақұлданған жəне дулығаның тиімділігін арттырады.
Бұл дулыға соққы қуатын өзі аздап жарылу немесе зақымдану арқылы қабылдайды. Мұндай
зақым дереу көрінбесе де, өте қатты соққы тиген дулығаны ауыстыру керек.
Дулығаның əрбір маңызды бөлшегін мұқият тексеру арқылы дулығаны кезеңді түрде толығымен
тексеріп отырыңыз. Қажет болған кезде MSA компаниясы қызмет көрсетеді жəне дулығаның
барлық қауіпсіздік бөлшектерінің талаптарға сəйкестігі шарты мен оның бөлшектерін ауыстыру
процедуралары толық көрсетілген нұсқаулықты береді.
MSA компаниясы осы толық тексеруді кемінде екі (2) жыл сайын, ал қарқынды түрде
пайдаланылған кезде (мысалы, жыл сайын) немесе дулыға өте жаман жағдайларда
(механикалық соққы, өте жоғары температура, жалынның тікелей тиюі, балқып еріген металдың
немесе химикаттардың тиюі) пайдаланылған кезде одан да жиірек тұрақты түрде орындап
тұруды ұсынады. Пайдалану жиілігі өте төмен болып, аталған əсерлер мен зақымдардың
ешқайсысы тіркелмесе, тексеруді кемінде 4 жыл сайын жүргізген жөн. Жергілікті ережелер
қолданылуы мүмкін.
Ескерту!
Күнделікті тексеру барысында соққылар, үлкен сызықтар, корпустағы немесе көзəйнектегі
қабыршақтар, еріген немесе сынған бөлшектер, жыртылған баулар немесе төсеніштер,
бөлшектердің жоғалуы, жарамай қалған жылжымалы бөлшектер (көзəйнектер немесе тіреуіш
механизм сияқты) жəне т.б. сияқты айқын зақымдар байқалса, дулығаны оқытылған техникалық
маманға немесе MSA мақұлдаған техникалық қызмет көрсету орталығына толық тексеруді
орындауға алып бару керек.
8.1
Тазалау жəне зарарсыздандыру
Мойын перделерін тазалау
Жүннен жасалған мойын пердесі:
30°C температурада жұмсақ жуғыш
сұйықтықпен тазалау
Алюминий мойын пердесі:
30°C температурада губканы пайдаланып
сумен тазалаңыз.
8.2
Тасымалдау
Көзəйнектерді дулыға ішінде (пайдалану позициясынан тыс кезде) сақтаңыз, ал дулығаны MSA
қорғаныс қабында (GA1043) сақтауға болады.
8.3
Тастау
Бұл дулыға жергілікті заңдарға сай қалыпты өндірістік қоқыс/қауіпсіз қоқыс ретінде тасталуы
керек. Толық ақпарат алу үшін MSA компаниясымен хабарласыңыз.
F2 X-TREM
Күтіп ұстау жəне тазалау
KZ
145

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido