Қауіпсіздік Ережелері; Дұрыс Пайдалану - MSA F2 X-TREM Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para F2 X-TREM:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
1
Қауіпсіздік ережелері
1.1
Дұрыс пайдалану
F2 X-TREM дулығасы (əрі қарай «дулыға деп аталады») – көп мақсатты дулыға болып табылады
жəне келесі стандарттарға сəйкес əртүрлі мақсаттарда қолдануға қолайлы:
EN 16471:2014 – орман өртіне қарсы күресуге арналған дулығалар
EN 16473:2014 – өнеркəсіп нысандарындағы құтқару операцияларына арналған дулығалар
EN 12492:2012 – альпинисттерге арналған дулығалар
Ескерту!
Осы дулыға қамтамасыз ететін қауіпсіздікке тек ол дұрыс құрастырылғанда жəне
кигізілгенде қол жеткізуге болады жəне алынатын бөліктері бөлек киілмеуі қажет.
Егер осы Еуропалық стандартқа сəйкес келеді деп белгіленген дулыға басқа жеке қорғаныс
жабдығының элементімен немесе керек-жарақпен (осы дулығамен пайдалану үшін дулыға
өндірушісі тарапынан жеткізілгеннен басқа) жабдықталса, бұл ЕО түріндегі сынақ
сертификатының жарамдылық талаптарын қанағаттандырмауы мүмкін.
Дулығаны өндіруші ұсынған иек бауы осы нұсқауларға сай киілсе жəне реттелсе, бұл дулыға
Еуропалық стандарттың сақтау талаптарына сай болады.
Бұл дулыға соққы қуатын өзі аздап жарылу немесе зақымдану арқылы қабылдайды. Мұндай
зақым дереу көрінбесе де, өте қатты соққы тиген дулығаны ауыстыру керек.
Дулығаның MSA ұсынғаннан басқа түпнұсқа құрамдас бөлшектерін зақымдауға, өзгертуге
немесе алып тастауға болмайды. MSA тарапынан қандай да бір ұсыныстар жасалмаса,
тіркемелерді бекіту үшін дулығаларды пайдалануға болмайды.
Бұл дулығаны мотоцикл дулығасы ретінде пайдалануға болмайды.
Бұл дулыға ғимараттағы өртке қарсы күресу немесе өртті ұстап тұру кезінде қорғанысты
қамтамасыз етуге арналмаған.
Бұйымды пайдаланған кезде осы пайдаланушы нұсқаулығын міндетті түрде оқып, нұсқауларды
орындау керек. Атап айтқанда, қауіпсіздік туралы нұсқауларды, пайдалану жəне бұйымның
жұмыс істеуі туралы ақпаратты мұқият оқып шығып, орындау керек. Сонымен қатар,
пайдаланушының елінде қолданылатын кез келген қолданыстағы ұлттық заң ережелері де
пайдалану қауіпсіздігі мақсатында ескерілуге тиіс.
Өнім мақсатына қайшы немесе техникалық сипаттамаларға сай қолданылмаса, нұсқаулар
орындалмады деп саналады. Сондай-ақ, бұл талап, əсіресе бұйымды рұқсатсыз өзгертуге жəне
MSA компаниясы немесе оның өкілетті тұлғалары іске асырмаған іске қосу-баптау жұмыстарына
да қатысты қолданылады.
Орман өртіне қарсы күресу
Игерілмеген орталарда өртпен күресу жəне тиісті жұмыстарды жасау (мысалы, ағаш кесу)
барысында бастың жоғарғы бөлігін негізінен соққының əсерінен, ену, қызу, өрт жəне жанып
жатқан күлден қорғау.
Өнеркəсіп нысандарындағы құтқару операциялары
Төмендегідей операциялар барысында (бірақ олармен шектелмей) бастың жоғарғы бөлігін
негізінен соққы, ену, өрт, электрлік жəне химиялық қауіптер сияқты механикалық жарақаттану
қаупінің əсерлерінен қорғау:
Жол-көлік оқиғасы, теміржол апаттары (мысалы, эвакуация)
Қираған ғимараттар ішінде жəне жанында жұмыс істеу
Табиғи апаттар (сел, жер сілкінісі, т.б.)
Қауіпті материалдарға қатысты оқиғалар (мысалы, химиялық қорғаныс киімінде пайдалану)
Алғашқы жəрдем/жедел жəрдем операциялары, құқық қорғау шаралары
Тік еңісте құтқару
F2 X-TREM
Қауіпсіздік ережелері
KZ
139

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido