Kärcher AD 3.000 Manual De Instrucciones página 197

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
Қосалқы бөлшектері мен
арнайы бөлшектеріне
тапсырыс беру
Аса жиі қолданылатын қосалқы
бөлшектерінің тізімін нұсқаулықтың
ең астында оқи аласыз.
Қосалқы бөлшектері мен арнайы
бөлшектерін өзіңіздің сатушыңызда
немесе KÄRCHER компаниясының
жергілікті өкілеттігінде сатып
алуыңыз мүмкін).
Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
Бұл құрылғыны физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой
дамуы шектелген немесе
тəжірибесі жəне/немесе
біліктілігі жоқ адамдар білікті
маманның бақылауында
болмаған кезде немесе осы
мамандар тарапынан бұйымды
қолдану тəсілі жəне оған
қатысты қауіптер
түсіндірілмеген кезде
пайдаланбауы тиіс.
Балалар 8 жастан асқан
жағдайда немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты адам
бақылауында немесе
құрылғының қолдану тəсілімен
жəне оған қатысты
қауіптермен танысқан кезде
ғана құрылғыны қолдана алады.
Қаптауыш қағазды балалардан
аулақ ұстаңыз, тұншығып қалу
қаупі бар!
Балаларға құрылғымен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Балаларға құрылғымен ойнауға
жол бермеу үшін оларды
бақылап отыру керек.
Балалар құрылғыны тек
ересектердің бақылауында
тазалауы жəне пайдалануы
мүмкін.
Бұйымды əр пайдалану жəне
тазалау/қызмет көрсетуден
кейін өшіріңіз.
Жарылу қаупі бар жерлерде
пайдалануға тыйым салынады.
Күл мен құрғақ жерді сорғыш
қауіпті заттарды тазалауға
арналмаған.
Тек рұқсат етілген
отындардың күлін (мысалы,
табиғи отын, ағаш брикеттер/
ағаш түйіршіктері, қоңыр жəне
тас көмір) соруға болады.
Ешқандай күйені соруға
болмайды.
Кейбір материалдар, сырт
қарағанда суыған секілді
көрінгенімен, іштей əлі ыстық
болады. Ауа ағынымен күлдің
ыстық бөлшектері қайта
тұтануы мүмкін.
Күлдің ыстық -суығын тексеру
үшін, металлды затпен күлдің
көзін ашып көріңіз.
Ошақты сорар алдында, оның
суығанына көз жеткізіп,
тескеріп алыңыз.
Тазалауды бастамас бұрын,
күлдің толығымен суығанын
күтіңіз. Біз отты тез өшіру үшін
суды қолданыңыз деп кеңес
береміз. Алауошақтың
материалы температурасын
тез өзгерте салмайды,
сондықтан жараланып қалу
қаупі бар.
Күл сору кезінде сору шлангілері
мен сорғыштың жылуын үздіксіз
тексеріп тұру қажет. Жылуды
сезе бастасаңыз, құрылғыны
дереу өшіріңіз.
– 7
KK
197

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ad 3.200

Tabla de contenido