OBJ_BUCH-2006-001.book Page 158 Tuesday, October 8, 2013 10:38 AM
158 | Қaзақша
Бағыттауыш 34 араланатын дайындама шетінен
шығуы мүмкін емес.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Бағыттайтын планка/бағаттауыш адаптері және сору
шлангіиен жұмыс істеу
Алдымен сору адаптерін 29 сору шлангімен 30 сосын
бағыттайтын планка/бағаттауыш адаптерін орнатыңыз 32.
Ескертпе: Бағыттайтын планка/бағаттауыш адаптерін 32
және сору адаптерін 29 бекіту үшін тек оған арналған
бұрандаларды пайдаланыңыз!
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек 0 °C–50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Қысылған ауамен үрлеу немесе қылшақ
көмегімен шаңды және жоңқаларды кетіріңіз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
1 619 P11 365 | (8.10.13)
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жа-
рақтарды және орау материалдарын экологиялық
тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/бата-
реяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша 2012/19/EU директивасына
және 2006/66/EC нормасына сай
жарамсыз электр құралдарды, ақаулы
немесе пайдаланылған аккумуля-
торларды/батареяларды бөлек жинау
керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс
утилизациялауға тапсыру керек.
Bosch Power Tools