Қолданудан бұрын оқыңыз
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Телефон жабдығын қолдану кезінде, өрт, электр тогы жəне адамдардың зақымдану қаупін азайту үшін бастапқы
төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
1. Бұл өнімді судың жанында, мысалы, хауыз, қолжуғышы, асхана қолжуғышы немесе кіржуғыш астау жанында,
дымқыл жертөледе немесе жүзу хауызы жанында қолданбаңыз.
2. Телефонды (сымсыз түрден басқасын) найзағай кезінде қолданбаңыз. Найзағай кезінде электр тогының тартып
кету қаупі болады.
3. Газдың жылыстауын хабарлау үшін жылыстау көзінің маңайындағы телефонды қолданбаңыз.
4. Осы нұсқауда берілген қорек сымын жəне батареяларын ғана қолданыңыз. Батареяларды отқа лақтырмаңыз.
Олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті заңнамалардын арнайы жою нұсқауларына сəйкес жойыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
Қолданушыға арналған ақпарат
<Тек сымсыз жергілікті желі бар үлгілерге ғана>
Осы өнімнің денсаулығыңызға əсері
Осы өнім, басқа радио қондырғылары сияқты, радиожиіліктік электромагниттік сəуле бөледі. Бірақ та, осы өнімнен
шығатын сəуле деңгейі ұялы телефон сияқты сымсыз құралдардан шығатын электромагниттік қуаттан анағұрлым аз.
Өнімнің радиожиілік қауіпсіздік стандарттары мен кеңестеріне сəйкес жұмыс жасайтындығына байланысты, оны
қолданушылар үшін қауіпсіз деп санауға болады. Бұл стандарттар мен кеңестер ғылымы жұртшылықтың ортақ
күш-жігері арқасында жасалды жəне ауқымды зерттеу əдебиетін үнемі талдап жəне түсіндіріп отыратын ғалымдар
топтары мен комитеттері жұмысының нəтижесі болып табылады.
Кей жағдайларда, осы өнім қолданысына ғимарат иесі немесе мекеменің жауапты өкілдері тарапынан шектелім
қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайларға, мысалы, төмендегілер жатады:
өнімді ұшақ ішінде, немесе
басқа құралдарға немесе қызметтерге кедергі келтіру қаупі бар жағдайларда жəне ол кедергілер зиянды ретінде
қарастырылады немесе анықталады.
Егер сымсыз құралдарды белгілі бір мекеме немесе ортада (мысалы, аэропорттарда) қолдануға қатысты ережелер
туралы сенімсіз болсаңыз, өнімді қолданудан бұрын рұқсат алуыңыз сұралады.
Реттеуші ақпарат
Біздің компания өнімнің рұқсатсыз өзгертілуінен болған радио немесе теледидарлық кедергілерге жауап бермейді.
Осындай рұқсатсыз өзгертуден болған кедергіні жою жауапкершілігі қолданушыға жүктеледі. Біздің компания жəне
оның өкілетті сатушылары немесе таратушылары берілген нұсқауларды ұстанбағандықтан туындауы мүмкін үкіметтік
қаулылардың бұзылуына қатысты жауапкершіліктен босатылады.
Литий батареясы
Литий батареясы!
Күнді, уақытты жəне басқа да деректерді жадыда сақтау үшін бұл компьютер литий батареясымен жабдықталған.
Батареяны өкілетті қызметкерлер ғана алмыстыра алады.
Ескерту! Дұрыс қондырмау немесе дұрыс пайдаланбау жарылыс қаупіне əкелуі мүмкін.
Қозғалтқышы бар көлікте пайдалану үшін
Ескерту: Қозғалтқышы бар көлікте пайдалану кезінде осы өнімді дұрыс теңшеу мен қолдану əдістерін анықтау
үшін Комиссияның төмендегі ұсынысын тексеріңіз.
«Көлікте ақпараттық жəне коммуникациялық жүйелерді қауіпсіз əрі ыңғайлы түрде пайдалану туралы Комиссия
ұсынысы: оператор мен машина интерфейсі туралы Еуропалық комиссияның тұжырымдамасы».
Комиссия ұсынысын Еуропалық қауымдастықтардың ресми журналынан табуға болады.
қазақша
161