Panasonic CF-30 Serie Manual De Instrucciones página 162

Ocultar thumbs Ver también para CF-30 Serie:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
Қолданудан бұрын оқыңыз
CD/DVD дискке қатысты ескерту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
БҰЛ ӨНІМ ЛАЗЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ.
ОСЫ ЖЕРДЕ КӨРСЕТІЛГЕН БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН,
РЕТТЕУЛЕРДІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ПАРАМЕТРЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ ЗИЯНДЫ СƏУЛЕЛЕНУ ҚАУПІНЕ ƏКЕЛУІ
МҮМКІН.
ҚАҚПАҚТАРДЫ АШПАҢЫЗ ЖƏНЕ ӨЗІҢІЗ ЖӨНДЕУГЕ
ТЫРЫСПАҢЫЗ.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АЛУ ҮШІН ӨКІЛЕТТІ
АДАМДАРҒА ЖОЛЫҒЫҢЫЗ.
Европа Одағынан тыс елдердегі қалдықтарды өңдеу жөніндегі ақпарат
Бұл таңбалардың əсері Европа Одағына ғана таралады.
Егер осы өнімді лақтырып тастағыңыз келсе, онда жергілікті билік органынан немесе дилерден өнімді
жоюдың дұрыс əдісін сұраңыз.
Порт репликаторын немесе сыртқы антеннаны орнатуға болатын көлікте
орналастырып бекітуге арналған құралды пайдалану кезінде:
Сымсыз желі үшін сыртқы антеннаны білікті маман орнатуы керек.
Сымсыз желі үшін сыртқы антеннаның күшейту коэффициенті 5dBi (дБ) аспауы керек.
Сымсыз режимдерде пайдалану кезінде сыртқы антенна мен адамдардың (аяқ-қол мен қол білезігінен басқа) арасында (ең аз)
20 см арақашықты сақтау керек.
Гаражда пайдалану
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Гараж жабдықтарын пайдаланғанда төмендегі əрекеттермен қоса негізгі қауіпсіздік шаралары əрқашан орындалуы
қажет.
Барлық нұсқауларды оқыңыз.
Ыстық бөліктеріне тиіп кеткенде тері күйіп қалуы мүмкін, сондықтан абай болу қажет.
Сым зақымдалғанда немесе жабдық жерге түскен не сынған жағдайда онымен жұмыс істемес бұрын маман жөндеуші
жабдықты тексеруі қажет.
Сымды үстел, орындық немесе бағана шетінің үстіне ілмеңіз немесе ыстық құбыр не жылжымалы желдеткіш қанаттарына
тигізбеңіз.
Ұзарту сымы қажет болса, сымның ток деңгейі жабдықтан əлдеқайда жоғары болуы қажет. Жабдықтан төмен токқа
сəйкестендірілген сымдар оны қыздырып жіберуі мүмкін. Сымды шалынып немесе сүрініп кетпейтіндей етіп дұрыс орналастыру
қажет.
Əрқашан жабдықты қолданылмайтын кезде электр розеткасынан ажыратыңыз. Розеткадан ажырату үшін сымнан тартпаңыз.
Ашадан ұстап, суырыңыз.
Жинамас бұрын жабдықты толығымен суытыңыз. Жабдықты алып қоятын кезде сымын айналдырып орап қойыңыз.
Өрт шығу қаупінен сақ болу үшін жанатын сұйықтықтардың (жанармай) ашық багы тұрған аймақта жабдықпен жұмыс істемеңіз.
Іштен тұтанатын қозғалтқышпен жұмыс істегенде жеткілікті желдеткіш қызмет атқаруы қажет.
Ток соғуынан абай болу үшін ылғал немесе жаңбыр жауып кетуі мүмкін жерде қолданбаңыз.
Тек қана осы нұсқаулықта сипатталғандай қолданыңыз. Өндірушінің ғана ұсынған құралдарын пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚOЙЫҢЫЗ
162
Лазер қауіпсіздігіне байланысты ақпарат лазері бар диск
орнатылған кезде ғана пайдалы.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Cf-30k serie

Tabla de contenido