Түпнұсқасы - Metabo STEB 65 Quick Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para STEB 65 Quick:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
kk
ҚАЗАҚША
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
1. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі
мен сериялық нөмірі бойынша
сәйкестендірілетін осы жұқа қол аралар *1)
директивалардың *2) және стандарттардың
барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық
құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті
қараңыз.
2. Мақсатына сай пайдалану
Аспап түрлі-түсті металдар мен табақ болатты,
сүрек пен оған балама материалдарды,
пластмассалар мен оларға балама
материалдарды аралауға арналған. Кез келген
өзге пайдалану түріне тыйым салынады.
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған
зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының
ережелерін және белгіленген қауіпсіздік
нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
Жеке басыңызды және электрлік
құралыңызды қорғау үшін осы белгі
қойылған мәтіндік үзінділерді
ұстаныңыз!
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту
үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ – Аталмыш электр құралымен
бірге берілген барлық қауіпсіздік
бойынша нұсқаулар, жалпы нұсқаулар,
суреттер мен техникалық деректерді оқып
Төмендегі нұсқауларды орындамау
шығыңыз.
ток соғу, өрт және/немесе ауыр жарақаттануға
алып келуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды және жалпы нұсқауларды
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электрлік құралыңызды тек қана осы
құжаттармен бірге табыстаңыз.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар
Жұмыс құралы жасырын қуат сымдарына
немесе өзінің жалғағыш сымына тиюі мүмкін
жұмыстар өткізіп тұрған кезде құрылғыны
тұтқыштың оқшауланған бетінен ұстап
тұрыңыз. Кернеу астындағы сыммен жанасу
құрылғының металл бөліктерінде кернеудің
түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
66
Өңделетін жерде қуат, су немесе газ желілері
жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (мысалы, металл
іздегіштің көмегімен).
Өңдеу барысында дайындаманы, мысалы,
қысқыш құрылғылардың көмегімен берік бекіту
және жылжып кетуден қорғау керек.
Аса шағын дайындамаларды аралауға
әрекеттенбеңіз.
Аралау барысында бағыттауыш панель
дайындамамен нық жанасуы тиіс.
Жұмысты тоқтатсаңыз, араны өшіріңіз және ара
төсемі толық тоқтағанша, дайындамада ақырын
ұстап тұрыңыз. Ара төсемі қозғалып жатқан
кезде, араны дайындамадан шығарып алуға
әрекет жасамаңыз, әйтпесе кері соққы
туындауы мүмкін.
Аспапты ара төсемі дайындамаға тиіп тұрған
кезде қоспаңыз. Алдымен ара төсеміне өзінің
толық жүрістер санына жетуге мүмкіндік беріңіз,
тек содан кейін кесу әрекетін орындаңыз.
Егер дайындамаға кіріп тұрған араны қайта іске
қосқыңыз келсе, ара төсемін қуыс ортасына
келтіріп, ара тістерінің дайындамаға ілініп
тұрмағанына көз жеткізіңіз. Ара төсемі қысылып
қалған жағдайда, араны қайта іске қосқан кезде,
кері соққы туындауы мүмкін.
Еш жағдайда аралау аймағына және ара
төсеміне қол сұқпаңыз. Дайындаманың астына
қол сұқпаңыз.
Жоңқа мен баламалы материалдарды
құрылғының өшірулі күйінде ғана кетіріңіз.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе
техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас
бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып
алыңыз.
Өткір жұқа қол ара төсемінен жарақат алу қаупі
бар. Жұқа қол ара төсемі аралау кезінде қызып
кетуі мүмкін. Қорғаныш қолғап киіңіз.
Шаң жүктемесін азайту:
ЕСКЕРТУ - Егеуқұм қағазымен ажарлау,
аралау, ажарлау, бұрғылау және басқа да
жұмыстарды өткізген кезде пайда болатын
шаңның кейбір түрлері обырды, туа біткен
кемістіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да
зақымдарын тудыратыны белгілі химиялық
заттарды қамтиды. Мұндай химиялық
заттардың бірнеше мысалы:
- қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын,
- құрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау
заттектерінен пайда болатын минералды шаң
және
- химиялық жолмен өңделген сүректегі күшәла
және хром.
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі
қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді.
Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту
үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда
жұмыс істеңіз және жұмыс барысында
микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido