Қолданысқа Енгізу; Ара Төсемін Орнату - Metabo STEB 65 Quick Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para STEB 65 Quick:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке
қорғаныс жабдығын қолданыңыз.
Бұл ереже басқа материалдардан, мысалы,
сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе
шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен
пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді.
Басқа белгілі сырқаттарға, мысалы,
аллергиялық реакциялар және тыныс алу
жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның
денеге енуін болдырмаңыз.
Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы
мен жұмыс орны бойынша қолданылатын
директиваларды және ұлттық нұсқамаларды
сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері,
кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек-
жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша
қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін
бөліктердің мөлшері азайтылады.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жүктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа
ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға
немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен
тазалауға болмайды.
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 Ара төсемін бекітуге арналған қысқыш
иінтірек
2 Ара төсемінің тіреуіш ролигі
3 Ара төсемі (бір тіректі сағасы (T тәрізді
сағасы) бар)*
4 Бағыттауыш панельді реттеуге арналған
бұранда
5 Бағыттауыш панель
6 Маятниктік жүрісті реттегіш иінтірек
7 Жарықшақтан қорғайтын ішпек *
8 Ара төсемінің қысқыш құрылғысы
9 Ара төсемімен кенет жанасудан қорғайтын
қапсырма
10 Қорғаныш қалпақ
11 Жүрістер санын реттеуге арналған реттегіш
дөңгелек
12 Батырма ауыстырып-қосқыш
13 Үздіксіз жұмыс режиміне арналған бекіткіш
түйме
14 Тұтқыш
15 Сорғыш келте құбыр
16 Кілттерге арналған бөлім
17 Алты қырлы гайка кілті
18 Реттелген кесу бұрышын көрсететін ірге
* жабдықталуға байланысты / жеткізілім
жиынтығына кірмейді
6. Қолданысқа енгізу
Қолданысқа енгізу алдында фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу
мен номиналды жиілік ток желіңіздің
деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА
құрайтын FI автоматты ажыратқышын
(RCD) алдын ала қосыңыз.
Аспапты ара төсемінсіз жұмыс істетпеңіз.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау
техникалық қызмет көрсету немесе
тазалау әрекетін орындамас бұрын желілік
ашаны розеткадан шығарып алыңыз.
6.1
Жарықшақтан қорғайтын ішпекті
орнату
Өткір жұқа қол ара төсемінен жарақат алу
қаупі бар. Жарықшақтан қорғайтын ішпекті
(7) орнатқан кезде, ара төсемі шығарылған
болуы керек.
Аспапты бұрыңыз, бағыттауыш панель жоғары
қарап тұрады. Жарықшақтан қорғайтын ішпекті
алдыңғы жақтан кіргізіңіз, бұл ретте төмендегі 2
тармақты ескеріңіз:
• Ішпкетің тегіс беті жоғары қарап тұрады.
• Оймакілтек артқа қарап тұрады (желілік
кабельге қарай).
Орнатылған қорғаныш панельмен жұмыс істеген
кезде жарықшақтан қорғайтын ішпекті қорғаныш
панельге енгізіңіз.
6.2
Ара төсемін орнату
Өткір жұқа қол ара төсемінен жарақат алу
қаупі бар. Жұқа қол ара төсемі аралау
кезінде қызып кетуі мүмкін. Қорғаныш қолғап
киіңіз.
Кесілетін материал үшін жарамды ара төсемін
қолданыңыз.
- Қорғаныш қалпақты (10) қажетінше жоғары
жылжытыңыз.
- Қысқыш иінтіректі (1) тірелгенше алға бұрап,
ұстап тұрыңыз.
- Ара төсемін (3) тірелгенше енгізіңіз. Бұл ретте
ара тістері алға қарап тұрғанына және ара
төсемі тіреуіш роликтің (2) ойығында тиісінше
орналасқанына көз жеткізіңіз.
- Қысқыш иінтіректі (1) жіберіңіз. (Ол өзінің
бастапқы күйіне өз бетінше қайтып оралады.
Ара төсемі енді берік бекітілген).
6.3 Шаңсорғышпен бірге аралау
- Сорғыш келте құбырға (15) жарамды
шаңсорғыш құрылғыны жалғаңыз.
- Шаң сору қуаты оңтайлы болуы үшін,
қорғаныш қалпақты (10) төмен жылжытыңыз.
ҚАЗАҚША kk
67

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido