Қауіпсіздік Нұсқаулары - Electrolux ERN2301AOW Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para ERN2301AOW:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles

Idiomas disponibles

14 www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын
алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
• Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
• Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
• Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы әдеттегі үй жағдайларында
тамақты және/немесе сусындарды сақтау
үшін арналған.
• Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы
болмаңыз.
• Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын
құрылғы сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
• Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
– жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido