Аккумуляторды Орнату; Аккумуляторды Шығару - Hilti AG 5D-22 Manual De Instrucciones Original

Ocultar thumbs Ver también para AG 5D-22:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 46
6.2
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
6.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2. Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
6.4
Hilti құлаудан қорғанысын орнату (қосымша)
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық директиваларды өніммен жұмыс істеген кезде міндетті
түрде ұстаныңыз.
Құлаудан қорғаныстың пайдалану бойынша нұсқаулығына назар аударыңыз.
1. Құлаудан қорғаныс ысырмаларының екеуін де ұшқыннан қорғайтын қалқаншаға дәлдікті сақтап
орнатыңыз.
2. Құлаудан қорғанысты тиісті бұрандалармен ұшқыннан қорғайтын қалқаншадағы арнайы саңылаулар
арқылы бекітіңіз.
3. Аккумуляторды орнатыңыз. → Бет 241
6.5
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti құлаудан сақтандырғышы мен Hilti компаниясы
ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанының қисындасуын қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк көтеретін
құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша
нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
6.6
Бүйірлік тұтқышты орнату
▶ Бүйірлік тұтқышты алдын ала белгіленген бұрандалы төлкеге бұрап бекітіңіз.
6.7
Қорғауыш қаптаманы орнату немесе бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап ыстық не өткір болуы мүмкін.
▶ Орнату, бөлшектеу, реттеу жұмыстары мен ақаулықтарды жою кезінде қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
*2272032*
2272032
5
Берік
Қазақ
241

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ag 5d-22-125

Tabla de contenido