Алмалы-Салмалы Аспапты Орнату; Алмалы-Салмалы Аспапты Бөлшектеу - Hilti AG 5D-22 Manual De Instrucciones Original

Ocultar thumbs Ver también para AG 5D-22:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 46
6.10.1 Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
▶ Жетіспейтін немесе зақымдалған қималы сақинаны алмастырыңыз.
2. Қыспа фланецті шпиндельге берік, айналмайтындай етіп орнатыңыз.
3. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
4. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
5. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
6. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемдеңіз, шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз және
қыспа кілтті алып тастаңыз.
6.10.2 Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
ЕСКЕРТУ
Сыну және бұзылу қаупі бар. Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Қыспа кілтті орналастырып және сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
3. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
6.10.3 Kwik lock жылдам қыспа гайкасы бар алмалы-салмалы аспапты орнату
ЕСКЕРТУ
Бұзылу қаупі. Тым қатты тозудан Kwik lock жылдам қыспа гайкасы бұзылуы мүмкін.
▶ Жұмыс барысында Kwik lock жылдам қыспа гайкасының бетке тимейтінін қадағалаңыз.
▶ Зақымдалған Kwik lock жылдам қыспа гайкасын қолдануға болмайды.
Қыспа гайканың орнына Kwik lock жылдам қыспа гайкасын пайдалануға болады. Осы жолмен
алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды қолданбай ауыстыруға болады.
1. Фланецті және жылдам қыспа гайканы тазалаңыз.
2. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
▶ Жетіспейтін немесе зақымдалған қималы сақинаны алмастырыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге берік және айналмайтындай етіп орнатыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Kwik lock жылдам қыспа гайкасын алмалы-салмалы аспапқа орнатылғанша бұраңыз.
▶ Kwik lock белгісі бұрап бекітілген күйде көрінеді.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Алмалы-салмалы аспапты Kwik lock жылдам қыспа гайкасы тірелгенше сағат тілі бойынша қолмен
бұраңыз да, содан кейін шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
6.10.4 Kwik lock жылдам қыспа гайкасымен алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
ЕСКЕРТУ
Сыну және бұзылу қаупі бар. Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Kwik lock жылдам қыспа гайкасын сағат бағытына қарсы қолмен бұрай отырып босатыңыз.
3. Kwik lock жылдам қыспа гайкасы қолмен босатылмаса, жылдам қыспа гайкаға қыспа кілт орнатып,
оны сағат бағытына қарсы бұраңыз.
Құбыр кілтін ешқашан қолданбаңыз, осылайша Kwik lock жылдам қыспа гайкасына зақым
келтірмейсіз.
4. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
6.10.5 Бұрғылау коронкасын орнату
1. Бүйірлік тұтқышты орнатыңыз. → Бет 241
*2272032*
9
11
2272032
10
Қазақ
243

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ag 5d-22-125

Tabla de contenido