Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Қосымша Ережелер - Hilti AG 5D-22 Manual De Instrucciones Original

Ocultar thumbs Ver también para AG 5D-22:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 46
▶ Қорғауыш қаптаманы қолдануға кеңес берілсе, оның сым қылшаққа тиюіне жол бермеңіз.
Тәрелке және шыныаяқ тәрізді қылшақтар басу және ортасынан тепкіш күш әсерінен диаметрін
үлкейтуі мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Өнімді әрқашан екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз,
олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Егер өнім шаңсорғыш құралдарынсыз қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда дем алу
органдарын қорғау құралдарын қолданыңыз.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Өнімді тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін ғана
қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
▶ Өнімді әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады. Өнімді балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Пайдаланушы мен оның айналасындағы адамдар өнімді пайдалану барысында көз қорғанысын,
қорғауыш шлемді, құлақ қорғанысын пайдалануы тиіс.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Егер өнім тұрақты жұмыс шегінен асырса немесе заряды бос аккумулятор анықталса, құрал
қозғалтқыш арқылы емес тоқтатылуы мүмкін.
▶ Бұл өнімге ешқандай белдік ілгектерін бекітпеңіз.
Электр құралдарымен дұрыс жұмыс істеу және дұрыс пайдалану
▶ Тегістеу дөңгелектерін өндірушінің нұсқауларына сай сақтаңыз және қолданыңыз.
▶ Аспапты қорғауыш қаптамасыз қолдануға тыйым салынады.
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз. Дайындаманы бекіту үшін струбциналарды немесе қысқышты
қолданыңыз. Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде өнімді екі қолмен ұстауға
болады.
▶ Абразивті кесу дискілерін сиырып ажарлау үшін қолдануға тыйым салынады.
▶ Алмалы-салмалы аспап пен фланецті берік бекемдеңіз.
фланец жеткіліксіз берік бекітілген болса, өшіргеннен кейін алмалы-салмалы аспаптың тежеу кезінде
шпиндельден шығып кету ықтималдығы болады.
234
Қазақ
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Егер алмалы-салмалы аспап немесе
2272032
*2272032*

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ag 5d-22-125

Tabla de contenido