Descargar Imprimir esta página

Bosch UniversalVac 15 Manual Original página 116

Ocultar thumbs Ver también para UniversalVac 15:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
116 | Қазақ
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
СШаңсорғышты жарылыс қаупі бар жерлерде қолдануға
болмайды.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін, (16) сору
шлангісін әрдайым сорғыш құрылғының жоғарғы
бөлігінен (7) толығымен тарқату керек.
Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз
u
және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні
дереу алмастырыңыз.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
UniversalVac 15
– Сорғышты іске қосу үшін,
ажыратқышты (5) "Сору" белгісіне
қойыңыз.
– Сорғышты өшіру үшін, ажыратқышты (5)
"Өшіру" белгісіне қойыңыз.
AdvancedVac 20
– Сорғыш құрылғыны іске қосу үшін,
жұмыс режимінің ауыстырып-
қосқышын (5) "Сору" белгісіне қойыңыз.
– Сорғыш құрылғыны өшіру үшін, жұмыс
режимінің ауыстырып-қосқышын (5)
"Өшіру" белгісіне қойыңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан түскен
шаңды сору (E суретін қараңыз)
– Сору адаптерін (17) орнатыңыз.
– Сорғыш құрылғыға қосылу адаптерін (17) электр
құралының сорғыш келтеқұбырына жалғаңыз.
Нұсқау: Сорғыш шлангіге аз ауа жіберілетін электр
құралдарымен (мысалы, жұқа аралар, ажарлағыштар
және т.б.) жұмыс істеген кезде, сорғыш шлангінің (16)
ауаны саңылаулар арқылы тарту ойығы (31) ашық болуы
тиіс. Осылайша сорғыш пен электр құралының жалпы
қуаты жақсартылады.
Ол үшін ауаны саңылаулар арқылы тарту тесігінің (31)
үстіндегі сақинаны, максималды саңылау пайда болғанша
бұраңыз.
AdvancedVac 20
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (4) кіріктірілген.
Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады.
Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
– Сорғыш құрылғыны автоматты қосу/
өшіру функциясын қосу үшін жұмыс
режимінің ауыстырып-қосқышын (5)
1 609 92A 7UL | (17.01.2023)
"Автоматты қосу/өшіру" белгісіне
қойыңыз.
– Сорғыш құрылғыны іске қосу үшін розеткаға
жалғанған электр құралын (4) қосыңыз. Сорғыш
құрылғы автоматты түрде іске қосылады.
– Соруды тоқтату үшін, электр құралын өшіріңіз.
Автоматты іске қосу/өшіру режимін кідірту
функциясы сорғыш шлангіден қалған шаңды алу үшін
6 секундқа дейін жұмыс істейді.
– Сорғыш құрылғыны өшіру үшін,
жұмыс режимінің ауыстырып-
қосқышын (5) "Өшіру" белгісіне
қойыңыз.
Ылғалды сору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
u
розеткадан шығарыңыз.
Ылғалды сору алдындағы жұмыс қадамдары
– Жапқыштарды (8) ашып, сорғыштың жоғарғы
бөлігін (7) шығарып алыңыз.
– Ылғалды сору алдында шаң жинағыш қапты (29),
жеңдік сүзгіні (32) алып, контейнерді (1) босатыңыз.
– Сүзгіні (33) тазалаңыз.
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін (7) кигізіп,
жапқыштарды (8) қайта жабыңыз.
– AdvancedVac 20: Резеңке жиекті (23) еден
саптамасына (21) орнатыңыз.
Сұйықтықтарды сору
Сорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималды толтыру
деңгейіне жеткенде, сору қуаты азаяды. Сорғышты дереу
өшіріңіз (ажыратқышты (5)/жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (5) "Сору" белгісіне қою).
– Контейнерді (1) босатыңыз.
AdvancedVac 20: Контейнерді сұйықтықты ағызу
саңылауы (2) арқылы босатыңыз.
Ылғалды сорғаннан кейінгі жұмыс қадамдары
Ылғалды сорудан кейін зең басуды болдырмау үшін:
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін (7) алып, оны жақсылап
құрғатыңыз.
– Сүзгіні (33) шығарып, оны да жақсылап құрғатыңыз
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Universalvac 20