FR
D) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз.
Электр құралының сымын оны
тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен
ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды
ES
жоғары температурадан, майдан,
өткір шеттерден немесе жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасқан сымдар
PT
электр тогының соғу қаупін арттырады.
E) Электр құралын далада пайдаланған
кезде, далада пайдалануға жарамды
ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
IT
Далада пайдалануға арналған сымды
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі
азаяды.
EL
2.4 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР
A) Сергек болыңыз, не істеп
жатқаныңызды қадағалаңыз және
PL
электр құралын пайдаланған кезде
парасатты болыңыз. Шаршаған кезде
немесе есірткінің, алкогольдің немесе
дәрі-дәрмектің әсерінен электр құралын
RU
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын
пайдаланған кезде, зейін қоймау
салдарынан ауыр дене жарақатын
алуыңыз мүмкін.
KZ
B) Жеке қорғаныс жабдығын
пайдаланыңыз. Машинаны пайдалану
кезінде әрқашан көзді және құлақты
UA
қорғау құралдарын киіңіз. Шаңнан
қорғайтын маска, сырғанамайтын
арнайы аяқ-киім, каска немесе есту
мүшесін қорғайтын бұйым сияқты
RO
қорғаныс жабдығын тиісті жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі
азаяды.
C) Құралдың абайсызда іске қосылуына
EN
жол бермеңіз. Қуат көзіне және/немесе
батареяға қоспас бұрын, құралды
жинамай не тасымалдамай тұрып,
ауыстырып-қосқыштың өшірулі
күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралдарын ауыстырып-қосқышынан
ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-
қосқыш қосулы күйде қуаттандыру
салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы
мүмкін.
F) Аспап ажырату тогы 30 мА шамасынан
аспайтын қалдық ток құрылғысы
(ҚТҚ) арқылы жабдықталуы тиіс. ҚӨҚ
құрылғысын пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
G) Пайдалану алдында қуат сымы
мен ұзартқыш сымда зақым не ескіру
белгілерінің бар-жоғын тексеріп
шығыңыз. Егер пайдалану барысында
сымға зақым тиген болса, сымды қуат
көзінен дереу ажыратыңыз. ҚУАТ КӨЗІНЕН
АЖЫРАТПАСТАН СЫМҒА ҚОЛ СҰҚПАҢЫЗ.
Сымы зақымдалған немесе тозған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
D) Электр құралын іске қоспас бұрын,
реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде бекітулі
күйде қалған реттегіш кілт немесе
сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына
әкелуі мүмкін.
E) Құралға қарай қатты ұмтылмаңыз.
Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және
тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ
жағдайларда электр құралын дұрыс
басқаруға мүмкіндік береді.
F) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз
немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңыз бен
киіміңізді жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе
ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге
ілініп қалуы мүмкін. Аспапты қолдану
барысында әрдайым берік аяқ киім мен
ұзын шалбар киіп жүріңіз. Аспапты
жалаң аяқпен немесе ашық сандал киіп
қолданбаңыз.
G) Құралдармен бірге шаң сору және
шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып,
пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға
қатысты қауіптерді азайтады.
H) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде
босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын
елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту
бір мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы
мүмкін.
120