2.15 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Электр құралына қызмет көрсету жұмысын білікті маман тек түпнұсқа бөлшектерді
пайдаланып жасауы тиіс. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз
етеді.
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін ол өндіруші немесе қызмет
көрсету агенті тарапынан ауыстырылуы тиіс.
Көмір қылшақтарын ауыстыру қажет болса, оны білікті маманға тапсырыңыз (екі
қылшақты әрдайым бір уақытта ауыстырыңыз).
2.16 ӨНІМДЕГІ БЕЛГІЛЕР
ЕСКЕРТУ! ӨНІМДЕГІ БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ ТАЗА
ЖӘНЕ ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ КЕРЕК. ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ ЖОҚ
НЕМЕСЕ ОҚЫЛМАЙТЫН БОЛСА, ОЛАРДЫ ЖЕРГІЛІКТІ
ДИЛЕРДІҢ САТУДАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНЕ
ХАБАРЛАСУ АРҚЫЛЫ АУЫСТЫРУ КЕРЕК.
Еуропалық стандарттарға сәйкес келеді: бұл белгі осы
құрылғының қолданылатын еуропалық директиваларға сәйкес
келетіндігін және осы директиваларға сәйкестігі тексерілгенін
білдіреді.
Кеден Одағына мүше
елдердің нарығындағы
өнімдердің айналымы
жөніндегі бірыңғай белгі.
Халықаралық қорғау коды
IPX4
(шаңнан және судың
кіруінен қорғау дәрежесі)
Электрлік өнімдердің қалдықтарын тұрмыстық қоқысқа тастауға
болмайды. Кәдеге жаратуға арналған арнайы мекемелер болса,
құралды кәдеге жаратыңыз. Кәдеге жарату бойынша кеңес
алу үшін жергілікті өкілетті органдарға немесе сауда орнына
хабарласыңыз.
Лақтырылған заттың түсу
қаупі, маңайдағы адамдар
мен үй жануарларын
қауіпті аумақтан алыс
ұстаңыз.
Украина техникалық
регламенттеріне сәйкес
Өнімді қолданар алдында
барлық нұсқауларды
оқып, түсініп, барлық
ескертулер мен қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз
125
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN